Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет27/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
 


31 
Архитектуралық, яки сәулеттік түсірілімдер
Архитектуралық фототүсірілім үш тарапта: жеке шығармашылық, яғни 
фотоөнер туындысы түрінде, қазіргі қалалық не өндірістік пейзаждың бір 
түрі ретінде және құжат, яки естелік кескін ретінде қарастырылады. 
Архитектуралық ескерткіштердің фотографиялары, сайып келгенде, 
сәулет өнерінің туындысын фотография тіліне аудару болып табылады. 
Сәулет өнері қоғамның болмыс-бітімін бедерлеп, елдің экономикалық һәм 
рухани дамуының деңгейінен хабар беретінін және заманның эстетикалық 
талаптарын айшықтайтынын ескерсек, фотографияның бұл жанрының 
танымдық рөлі де ерекше екені өздігінен түсінікті болса керек. 
Интерьер
Бұл жанрдың архитектуралық түсіріліммен көптеген ұқсастықтары бар. 
Көп жағдайларда фотосуретші интерьерді бейнелеу үшін барлық заттарды 
барынша нақты, дәлме-дәл көрсеткісі келеді.


32 
Мұндай жағдайда фотоэтюдты да қолдануға болады. Жалпы, бұл жанрда 
кей жағдайда әрбір детальді тәптіштеп, анық көрсету қажет те емес. Себебі 
жабық бөлменің ішіндегі қабырғаларды толық қамту өте қиын, сол себепті 
алдыңа қойған мақсатқа жеке көрініс (фрагмент) арқылы қол жеткізуге де 
болады. Фотограф көрермен назарына ең қажетті, қызықты әрі негізгі 
бөлшектерді тарта білсе болғаны. 
Фотографияда интерьер табиғи және жасанды жарық түсуіне 
байланысты да бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет