36
Каталогтық фотография.
Каталогтық және пәндік фотографияның негізгі функциясы – өндірушілердің
сайттарын, тауарлардың және қызметтердің дистибьютерін, интернет
магазиндерін жарнамалайтын өте эффектілі тауар жарнамасы.
Профессионалдық тілде каталогтық фотография деп аталатын жанр
фотографияны қандайда бір мән беріп түсірмейді, ол тек қана тауарды
көрсетеді. Оларға мысал ретінде : канцелярлық тауар,сувенирлер, әшекей
бұйымдары ,электрондық техника, интерьер құралдары, киім түсірілімдерін
жатқызсақ болады. Осыдан біз тауарға арналған
заттық жарнамалық
фотография мен киімге арналған имидждік жарнамалық фотография
арасындағы айырмашылығын байқасақ болады.
Имидждік фотография мақсаты фотосуреттердің көмегімен компанияның
корпоративтік имиджін қалыптастыру және қалыпта ұстап тұру.
Имидждік фотографияда портреттік және топтық түсіріліммен қоса
фоторепортаж айлалары да қолданылады(Белгілі бір құбылыстарды,
келіссөздерді, жасап шығару процесстерін түсіру).
37
Репортаждың белгілі бір қатаң регламенттері болмайды, оның басты міндеті
болып жатқан істі фотография түрінде көрсету. Репортаждық
фототүсірілімдерде негізінен процесс бейнеленеді, фотодағы адамдар
камераға қарамайды. Осындай фотографиялардың публикациясы
тұтынушыларға сенім ұялатады. Сондықтан да осы тектес фотографиялар
PR(пиар) мақсатында қолданылады.
Осындай суреттер бұқаралық коммуникация құралдарындағы пресс-
релиздерге немесе компания сайттарының жаңалықтық бөлімдеріне
жіберіледі .
Имидждік жарнаманың тағы бір айырмашылығы ретінде компанияның
басшылары бар портреттік фотоның болуы(жұлдызы,
жұмысшысы,директоры т.б ). Имидждік жарнаманы
көбінесе банктер
қолданады.
Заттық фотография.
Бұл фотографиялық жанр жарнамаланып отырған тауардың сыртқы
характеристикасын, дизайнын, конструкциясын, артықшылықтарын
көрсету немесе жарнамалау мақсатында қолданылады.Бұл процесс кезінде
ең алдымен тауар және оған кіретін заттар ортақ бір композицияда
болатындай етіп фотоға түсіріледі. Бұл фотосурет максималды жақсы
ракурста болуы тиіс. Және де бұл тауардың маңызды функционалдық
қабілеті және бәсекелестердің тауарынан айырмашылығы жайлы
фотография арқылы жеткізілуі қажет.
Жарнамаланып отырған объектінің
фотографиясы буклеттер, интернет
магазиндердің сайты, каталогтар, көркемөнер альбомдары, постерлер
және плакаттар үшін қажет. Көп жағдайда жарнамаланып отырған
тауардың ең негізгі артықшылықтарын буклеттік
немесе каталогтық
фотографиялар арқылы көрсете аламыз. Клиент болашақ тауарының
фотографиясын тамашалай отырып қана тауарды сатып алу немесе сатып
алмау туралы белгілі бір шешімге келеді.
Керек жағдайда заттық стол, макрообъктив, фильтрлер,көлеңкесіз куб,
әртүрлі жарық көздері, түрлі-түсті фондар сияқты қосымша жабдықтар
мен арнайы қондырғылар қолданылады. Түсірілім кезінде міндетті түрде
фотограф артық шағылысқан жарықтарды алып тастап, фотоның
көлеміне,тереңдігіне және фактурасына назар аударуы тиіс.
Әдетте бұл жанрда объект болып эффективті дизайны бар автокөлік және
тұрмыстық техника жарнамаланады.
Заттық түсірілім қандай да бір мән беру үшін де қолданылады.
Заттық фототүсірімде спецификалық бағыт фудстайлинг болып
табылады. Фудстилисттер – тамақтану заттарын өте пайдалы түсте ұсына
алатын жарнамалық фотография мамандары.
Оған мысал ретінде сырт келбеті көз тартарлық емес натуралды заттарды
өңдеп, оған қанық әрі жарқын түс береді және т.б.
39
Көп жағдайларда бизнес-портрет пен құжатқа түсіруді
бір қатарға қойып
қателеседі. Тіпті екеуінде де бірдей фон болса да, екеуі мүлдем басқа
жанрлар. Іскерлік портреттерде қызметкерлердің қалауы бойынша кәсіби
фотограф әртүрлі жанрдағы фототүсірілімдерді ұсынуы мүмкін. Мысалға ол
кездесулер, таңғы жаттығулар және т.б. болуы мүмкін.
Саяси портрет
Газет-журналдарда көп кездесетін фотография формасы - орташа
пландағы түсірілімдер болып табылады. Ол саясаткердің вербальді
сөздерінің ерекшеліктерін аудитория санасына жеткізу үшін керек .
Жақсы түсірілген фотография саяси тұлғаның ішкі және сыртқы дүниесін
ғана көрсетпей,оның жанұясымен қарым-қатынасын, автобиографиясын,
қызметтегі жетістіктерін көрсете алу мүмкіндігіне ие.
Осылайша, бұл жанрды қойылымдық және репортаждық деп бөліп
қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: