72
2.4
Фотоаппарат түрлері
Бүгінде сансыз көп фотоаппарат түрлері мен танымал
өндірушілердің сапалы құралдары шығарылып жатыр. Олар типтері
бойынша: айналы, екі объективті айналы, ұзақ өлшемді, шкалды, орта
форматты, кіші және ірі форматты, сандық және т.б. Ал бүгінде әлемге
танымал маркалар қатарына Agfa, Canon, Casio, Eastman Kodak , Fujifilm ,
Hama, Konica, Konica Minolta, Leica , Minolta, Nikon, Olympus , Panasonic
Lumix , Pentax , Polaroid , Ricoh, Samsung, Sigma Corporation, Sony ,
Tamron, сонымен қатар КСРО-да шығарылған БелОМО, Арсенал, КМЗ,
ЛОМО, ФЭД, Киев-Вега, Зоркий, Смена, Зенит, Юность, Кристалл сияқты
аппараттар жатады. Олардың кейбіріне тоқталар болсақ:
Зенит
– кеңестік кіші форматты бір объективті, одақтағы ең алғашқы
айналы фотоаппарат. 1949 жылы шыққан «Зоркий» фотоаппараты негізінде
дүниеге келген. Ондағы кадр көлемі 24х36 мм. 40-қа жуық үлгілермен
шыққан аталмыш фотоқұрал – Красногор механикалық зауытының ең үздік
тауары болып есептеледі. Бұл аппараттар үшін «Индустар-50» объективтері
және оның ішіндегі ірі суреттер түсіруге арналған ұзын сақинасы
қолданылған. Бұл үлгілер, яғни «Зенит-4», «Зенит-5», «Зенит-6» 135- типті
фотопленкаларды пайдалануға арналған, әрі ауыстырмалы объективтермен
жұмыс жасауға негізделген. Көпшілігі фокальді затвордың мата
пердешелерімен немесе металды ламельдерімен пайдаланылады. Бұл
фотоаппартаттың тағы бір ерекшелігі оның орталық затворы бар болуында.
Зенит маркалы фотоаппараттар 1952 жылдан бері шығарылып келеді. Ал
соңғы өнімдер қатарына 2001 жылы шыққан «Зенит-КМ» үлгісі. Ол
электронды ламельді затвор арқылы және экспозициясы автоматтандырылған
сандық басқарумен жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: