Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет116/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
 
АБДРАИМ АСЫЛХАН ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ 
1988 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 
1990 жылдары республикалық «Атамекен» апталық газетінде, «Қазақстан 
әйелдері», «Парасат» журналдарында, «Заң газеті», «Жеті жарғы» 
баспасында қызмет атқарды. Қазіргі таңда «Жас Алаш» газетінің 
фототілшісі. Сонымен қатар «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 
және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі журналистика 
факультетінің аға оқытушысы.
2006 ж. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының, 2007 ж. ҚР 
Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының «Ең үздік 
фотожурналист» номинациясы бойынша лауреат атанып, марапатталған. 
Сондай-ақ 2011 жылы «Тәуелсіздік тағлымы» атты ҚР Тәуелсіздігінің 20 
жылдығына арналған фотокөрме жобасының, 2012 жылы «Қызғалдақтың 
отаны – Қазақстан» атты Ақсу-Жабағалы ұлттық паркінде өткен 
фотосеминардың және Хан Тәңірі тауының баурайында өткен «Шалкөде – 
елдің жайлауы» атты фототүсірілімінің авторы. 
 
Оқу әдістемелік құралында автор фотоөнердің тарихына барынша 
шолу жасайды, оның қазақ топырағындағы өріс алу баспалдақтарын 
саралайды. Фототехника түрлерімен таныстырады, фотограф шеберлігінің 
құпияларын ашады. Фотоаппаратпен жұмыс істеу машықтарына үйретеді. 
Фотожанр түрлерін ажыратып, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. 
Атаулар мен терминдерге түсініктеме, анықтама, айқындама береді. 
Жалпы фотоөнердің қазақша кәсіби тілін қалыптастыруда бұл еңбектің 
үлесі зор болмақ.
Оқу әдістемелік құралы ретінде журналистика мамандығы бойынша 
фотожурналистика пәнінен дәріс алатын студенттерге және де фотосүйер 
көпшілік қауымға арналған. 
 
 
 
 


128 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет