Ашық сабақ
«Ұлттық ойындар»
Мұғалім: Ахметова Д.А.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық ойындар туралы мәлімет алады.Өткен материалдарды пысықтайды.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік : Сөйлем құра білуге үйренеді. Жаңа сөздерді меңгереді.
Тәрбиелік : Адамгершілік сезімдерін арттырады.Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйренеді.
Дамытушылық : Сөздік қорларын кеңейтеді. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады.
Сабақтың типі : Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі : Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау, сұрақ-жауап,көрнекілік,оқыта-үйрету ойын тәсілдері, ойын элементтері, тестік.
Сабақтың көрнекілігі : «Ұлттық салт-дәстүр» энциклопедия, «Ұлттық ойындар»слайд, арқан, асықтар,тақия,деңгейлік тест карточкалары.
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру
Сабақ басталар алдында Күй әуені болады.
а) Көңіл-күйлерін сұрау
б) Сабаққа дайындық барысы
в) Кезекші сынып жайлы айтады.
г) Бүгінгі біздің сабағымыз «Ұлттық ойындар» мақсатымыз ұлттық ойындардың жекелеген түрлерімен танысу. Жаңа сабақты бастамас бұрын қайталау жасап алайық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Тақта алдында тағам түрлері жазылған парақшаларды түрлері бойынша топтастыру керек:
Мысалы, бауырсақ,шелпек – нан тағамдары.
- Сөйлемдер құру
- Сөздіктерді қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Баяндау. Наурыз мерекесінде,теледидардан қандай ойын түрлерімен таныссыңдар? (оқушылар өз білгендерін айтады.)
1. «Арқан тарту» ойыны түсіндіру. Ойынның шарты бойынша ойнау
- Ойын бойынша білім тартысын ұйымдастыру :
- тән дыбыстар бойынша
- мемлекеттік рәміздер бойынша
- лексикалық тақырып бойынша сұрақтар құру
- грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар құру
2. «Тақия тастамақ» балалар ойыны тақия кімде қалса сол мысал келтіреді. Аудармасын айтады. Мысалы, дәптер- тетрадь, Терезе- окно
Өтілген лексикалық тақырыптар негізінде сөздіктерді пысықтайды.
3. «Асық ойнау » ойыны дөп тигізген оқушы сыныпқа сұрақ қояды,тигізе алмаса сыныптан 1 оқушы ойыншыға сұрақ қояды.
2. «Қыз қуу» мәтіні бойынша жұмыс
1 топ - аударма жасайды. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызады.
2 топ – зат есімдерді сызу,септік жалғауларын көрсету
3 топ тән дыбысты сөздер жазу
3. Сергіту сәті.
Математикалық фигураларды оқушылар таңдап алады. Атауларды қайталату. Кім қандай фигура таңдап алды. Екен,тыңдайық:
● – мақсат қоя біледі,жауапкершілігі жоғары
▀ - мақсат қоя біледі, бірақ жалқаулығы басым
█ - тиянақты, өз бетімен жұмыс жасай алмайды, дайынды ұнатады
▲ – белгілі бір нормалық ережемен жүретін адам.
Балалар сендерге қандай ойын түрлері ұнады, осы парақшаға жазып өткіземіз. Келесі сабақ барысында сендерге ұнаған ойын түрін қайталайтын боламыз.
4. Бекіту
Тест сұрақтары:
1.Ұлттық ойын түрлері
а) қыз қуу б) арқан тарту
асық ойнау сусын
2.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді ?
а) Кім ? не? б) қашан? Қанша?
3. Баяндауыш үнемі сөйлемнің ……………. тұрады.
а) басында б) соңында
ІҮ. Үйге тапсырма
- «Қыз қуу» мәтінін мазмұндау
- сөздіктерді қайталау
- «Ұлттық ойындар» туралы қосымша деректер әкелу
Ү. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |