1-тапсырма: Берілген сөзді толтырып, анықтамада қандай сөз-тіркесі мен негізгі сөздің қажеттісін анықтаңыз. Жауабы: Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты



Дата06.02.2022
өлшемі13,36 Kb.
#81147
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Документ (1)


1-тапсырма:Берілген сөзді толтырып, анықтамада қандай сөз-тіркесі мен негізгі сөздің қажеттісін анықтаңыз.
Жауабы:Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс.

2-тапсырма:Бенджамин Блум қысқаша өмірбаяны, Блум таксаномиясы.
Жауабы:Блум Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.
1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.
Блум таксаномиясы–Блум таксономиясы 1956 жылы білім беру психологы Бенджамин Блумның басшылығымен білім беруде жай ғана фактілерді есте сақтаудың орнына, ұғымдарды, процедураларды, процедуралар мен принциптерді талдау және бағалау сияқты ойлаудың жоғары түрлерін дамытуды ынталандыру мақсатында құрылған. Ол көбінесе оқу және тәрбие процестерін жобалауда қолданылады.
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
1)Бағалау 2)жинақтау 3)Талдау 4)Қолдану
5)Түсіну 6)Білу,тану
Таксономия - бұл педагогикалық мақсаттарды жіктеудің вариациясы. Кейіннен Блум «Оқу мақсаттарының таксономиясы:Блум Таксономиясы » атты кітап жазды. Сонымен, сіз тәрбиеші болсаңыз немесе біреуді оқытуды мақсат етсеңіз, Блум таксономиясы өте пайдалы болуы мүмкін. Бұл сізге не үйретуге болатындығын түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар прогресті қадағалайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет