Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).
Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Бенджамин Блум (1913-1999) Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.