Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары Әлеуметтанудың категориялары мазмұны жағынан былай бөлінеді: жалпыға ортақ категориялар



Дата06.02.2022
өлшемі10,2 Kb.
#81874
Байланысты:
Әлеуметтану терминология
Доклад, Доклад

Әлеуметтануқоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары
Әлеуметтанудың категориялары мазмұны жағынан былай бөлінеді:
жалпыға ортақ категориялар (ғалам, ноосфера, қоғам, әлем), бұларды әлеуметтік ғылымдардың бірде-бірі, соның ішінде әлеуметтану да айналып өте алмайды;
субъективтік категориялары (сана, жеке тұлға, таптар, страттар), бұлар қоғам өміріндегі белсенді, шығармашылық, мүдделі бастаманы сипаттайды;
өзгеріс категориялары (басқару, реттеу, әлеуметтендіру, жаңарту, қақтығыс), бұлар түрлендірулердің механизмін, бағыттылығын, жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін сипаттайды. Сөйтіп, әлеуметтану категориялары – қоғамдық өмір, әлеуметтік шынайылық туралы негізгі түсініктерді ұғыну мен жалпыландыру деңгейін сипаттайтын барынша әмбебап, іргелі ұғымдар, олардың априорлық маңызы бар және тәжірибелік білімді жүйелеуге және ұйымдастыруға көмектеседі.
Әлеуметтік теория - әлеуметтік қатынастарға қатысты жалпы теориялық зерттеулер.
Парадигма - белгілі-бір концепцияның және теоретикалық ғылыми үлгісі
(моделі).
Әлеуметтік шындық - адам мен қоғам арасындағы өте күрделі, көп сатылы әлеуметтік
қарым- қатынас.
Стратификация - белгілі бір қоғамда кездесетін иерархиялық тұрғыда қалыптасатын
әлеуметтік теңсіздіктің құрылымы.
Страта - жоғарыдан төмен қарай жер қабаттарының орналасу ерекшеліктерін білдіретін
геологиялық термин.
Әлеуметтік страта - иерархиялық жүйедегі түрлі статустардың позициясы.
Престиж - статустың құрметтелуі.
Құлдық - туылғаннан бастап адамзатқа тән құқықтарды иемденбейтін адамдардың тобы.
Теңсіздік - адамдар арсында теңдіктің болмауы.
Әлеуметтік рөл - белгілі– бір адамның статусына сәйкес иемденетін әрекеті.
Әлеуметтік норма - адамды әлеуметтік ортада реттеп отыратын ережелер.
Әлеуметтендіру - индивидтің әлеуметтік ортаға бейімделуін реттейтін процесс немесе
әлеуметтік нормалар мен мәдени меңгеру .
Әлеуметтік институттар - қоғамның қажеттіліктеріменқызығушылықтарын
қанағаттандыратын нормалардың жүйесі.
Әлеуметтік бақылау - қоғамдағы нормалар мен құндылықтардың жиынтығы.
Әлеуметтік интеракция - адамдардың өзара әрекетін сипаттайтын процесс.
Социум қоғам мен адамның әлеуметтік ортасы.
Институтционализация - қоғамдағы түрлі топтардың, ұйымдардың және индивидтердің
арасындағы айырбас процесі.
Әлеуметтік ұйым - қоғамдық жүйені қалыптастыратын белгілі бір жүйедегі тұрақты үлгі.
Әлеуметтік мәдениет - қоғамда өмір сүретін тұлғалардың нормалық үлгісі.
Әлеуметтік жүйе - уақыт пен кеңістіктің арасындағы әлеуметтік қатынастардың нобайы.


Социология адамды және қоғамды қалай өзгертеді?

Әлеуметтану жеке өмірімізде,елде және қоғамда кездесетін шағын әрі ауқымды мәселелердің барлығын қарастырады.Ол қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін, отбасылы болу,жұмысқа тұру,бала өсіру,көңіл көтеру сияқты жайттарды қарастыруы мүмкін.Ал кең ауқымда әлеуметтану үйсіздік ,денсаулық сақтау реформасы,қоршаған ортаның азуы,кедейлік пен соғыс сияқты маңызды ұлттық және халықаралық мәселелердің түйінін іздейді.Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады.


Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қарқынды қоғамдық даму жағдайында, өмір жедел өзгерістерге ұшырап, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқан кезде, әлеуметтік құбылыстарға, үдірістерге, оқиғаларға, саяси қайраткерлердің қызметтеріне т.б., мұқият әрі объективті түрде талдау жасау қажет болған шақта жалпы социологиялық теория ерекше
методологиялық маңызға ие болып отырғандығы бәрімізге мәлім. Сонымен, әлеуметтану ғылымы қоғамды, оның қойнауындағы сан алуан әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, саяси, діни, рухани т.б. құбылыстар мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан түсіндіріп ұғындырудың жалпы теориялық методологиялық негізі, темір қазығы болып табылады.
“Әлеуметтану” біз үшін, студенттер үшін маңызы зор, себебі, бұл пән оларды қазіргі қоғамның даму заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді, сонымен бірге студенттерді өз бетінше социологиялық зерттеулер жасауға, қоғамның көкейтесті мәселелеріне талдау жасауға үйретеді .Демек,біздің өмірімізде әлеуметтанудың ықпалы зор,сондай-ақ оның жасап жатқан өзгерістері адам мен қоғамға тек оң әсерін бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет