Негізгі қарастырылатын сұрақтар



Дата14.02.2022
өлшемі76,26 Kb.
#131731
Байланысты:
Әлеуметтану 1-дәріс 2 сем

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тақырыбы: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:

  • Әлеуметтану ұғымы туралы түсінік және әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуы
  • Әлеуметтану ғылымының пәні мен объектісі
  • Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері, категориялары, заңдары, ұғымдары
  • Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы

Әлеуметтану дегеніміз не?

Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану ғылымының негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» еді.

Огюст Конт бойынша, қоғам дамуының 3 сатысы:

  • Теологиялық
  • Метафизикалық
  • Позитивистік

Қоғам дегеніміз не?

Қоғам - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын адамдардың ерікті бірлестігі.

Әлеуметтану

ҚОҒАМ

Жалпы адамдардың тіршілік ету көрінісі

Әлеумет

Сол адамдардың тіршілік ету тәсілі

Әлеуметтанудың пәні мен обьектісі

Әлеуметтанудың пәні:

  • Ұғымдар
  • Әлеуметтік теориялар
  • Әлеуметтік байланыстар
  • Әлеуметтік саясат
  • Зерттеу құралдары
  • Әлеуметтік білім салалары

Объектісі:

Әлеуметтік құбылыстарға байланысты заңдары:

1. Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір сүретінін анықтаушы заңдар.

2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.

3. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.

4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты анықтайтын заң.

5. Әлеуметтік құбылыстардың арасында болуы мүмкін ықтимал байланыстарды білдіретін заңдар.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері:

  • Танымдық
  • Әлеуметтік бақылау
  • Болжаушылық
  • Жоспарлау
  • Салыстырмалы
  • Құрылымдық
  • Идеологиялық
  • Гуманистік

Әлеуметтанудың категориялары:

  • Микросоциология
  • Макросоциология

Ғылым ретіндегі деңгейлері:

  • Жалпы әлеуметтану
  • Салалы әлеуметтану
  • Теориялық әлеуметтану
  • Эмпирикалық әлеуметтану

Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы: Социология мен тарих қоғамды зерттегенде тарихи процесті субъективтік, іс-әрекеттік жағына, қоғамдық өмірдін нақты фактілерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер -жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Саясат кең де күрделі жан-жақты құбылыс. Ол қоғамның барлық салаларын қамтиды? Сондықтан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат, мәдени саясаты т.б қоғамдық дамуға зор әсерін тигізеді. Экономикалық және басқа коғамдық ғылымдар да қоғамнын жеке салаларын, бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейді. Ал бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер етпей қоймайды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет