Жумашева А.К.
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
6M070300 – Ақпараттық жүйелер
almagul_k_86@mail.ru
"
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ"
ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ
Аннотация.
Инновация-
жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес,
қатал шындық, өмір қажеттігі. Мемлекетік тілді жан - жақты меңгертуде ақпараттық
технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін
әзірлеу- қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік үйретудің әдіс-
тәсілдерінің де жетілдіріп жатқаны да белгілі. Қазір әдістеме ғылымында «оқытудың жаңа
технологиясы» деген ұғым кеңінен қолдануда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы
бір-бірімен тығыз байланыста.
Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары.
Түйін сөз:
Инновация, технология, электронды оқыту, интерактивті оқыту,
Интернет.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік мәдени жағдайларға
сәйкес Қазақстанда
жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мамандар даярлау сапасын
арттыруды, қарқынды ғылыми зерттеу қызметі мен ықпалдастырылған инновациялық
білімді дамытуды, білім беру мен ақпараттық
технологияларды жетілдіруді, бірыңғай
ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды көздейді. Мұның өзі педагогтардың оқытудың
жаңа технологияларын игерген, қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын
маман ретінде қалыптастыру мәселесін тудырады.
Сондықтан жоғары оқу орны
инновациялық педагогикалық технологиялардың негізінде білім берудің жолдарын
айқындап, жетілдіріп отыру қажет [1].
Инновациялық оқыту технологияларын теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт
тұрғысынан зерттеу арқауы етіп оларды оқу процесін жетілдіру бағытында қолдану
мәселелерімен
Б.Әбдікәрімұлы,
В.П.Беспалько,
Д.М.Жүсібалиева,
В.В.Егоров,
М.В.Кларин,
В.М.Монахов,
Г.К.Нургалиева,
Қ.Қ.Қабдықайырұлы,
Ж.А.Қараев,
Г.К.Селевко, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина, Ә.М.Мұханбетжанова, ш.Х.Құрманалина, және
т.б. ғалымдар айналысты.
Инновациялық оқыту технологиялары магистранттардың білім,
іскерлік, дағдысын
қалыптастырып, оқытудағы тұлғалық бағдарлы және жекелеп оқыту тұрғыларының мәні
жайында түсінік беру, қазіргі педагогикалық жаңа енгізулермен таныстыру, жаңа типті
білім беру орындарындағы ізгілікті білім беру жүйесін
құрудың басты тұрғыларының
мәнін ашуды көздейді [2].
Жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесінде пайдалану қажеттіліктен
туындайды. Ғылыми – техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі –
интелектаулдық, шығармашылық, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педагогикалық
оқыту процесінің негізгі, терең мағыналы мәніне айналды.
Қазақстанда білім стандартының жасалуы,
жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай
компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру, әлемдік
білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы
жұмыстардың бәрі
еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі.
Инновация дегініміз – білім, тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа
әдістемелік амал- тәсілдерді, құрал- жабдықтарды,
жаңа концепцияларды жасап, оларды
қолдану деп анықталған.