Жумашева А. К



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата23.03.2023
өлшемі221,56 Kb.
#172953
1   2   3
Байланысты:
Жумашева А.К

«Интерактивті оқыту»
1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты 
пайда болған. «Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact» («inter» – «өзара», «act» – 
«әрекет ету») деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің, топтың, 
жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту – бұл 
таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына 
нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі – оқу процесінің 
өнімділігін арттыратын студентның ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей 
жағдай тудыруы.
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – студенттерді өз бетінше тапсырманың 
жауабын табуға үйрету. Студенттерге дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой 
белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой 
белсенділігі артады. 
О.Г.Смолянинова сүйендік. интерактивтіліктің үш түрін қарастырады: 
1. Реактивті интерактивтілік:
студенттер бағдарлама ұсынған сұрақтарға жауап 
береді. Тапсырмалар реті белгілі бір ережеге сүйеніп, өте қатаң түрде анықталады 
(оқытудың сызықтық моделі); 
2. Іс-әрекетті интерактивтілік:
студенттер бағдарламаның жұмыс істеуін өздері 
басқарады. Олар тапсырмаларды ұсынылған ретпен орындауды не бағдарлама көлемінде 
өз бетінше іс-әрекет етуді өздері шешеді (оқытудың сызықтық емес моделі). Сызықтық 
емес модель қашықтан оқытуда тиімді болады; 
3. Өзара интерактивтілік
: студент пен бағдарлама бір-біріне бейімделуге қабілетті 
(«Басқарылатын ашықтық» модель). Бұл модель оқып-үйренушіге кездесетін әртүрлі 
кедергілерді жеңе отырып зерттеу жүргізуге, жеке есептерді шешуге мүмкіндік береді. 
Бұндай түрдегі бағдарламаларға жаттықтыратын және практикумдық оқыту 
бағдарламалары және т.б. мысал бола алады. 
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де 
дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың 
кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ 
түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу 
жасайық. 
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді 
шешуге көмектеседі : 
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ; 
- Алған білімді жүйелеу ; 
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру 
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек 
беру [4]. 


Internet – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс 
станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам 
байланыстыратын Дүние жүзілік желі. Оны дүниедегі ең ауқымды (глобаьный) желі деп 
атайды.
WWW - бүкіләлемдік өрмек ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат” 
жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі ақпарат алуға 
болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен 
гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мультимедиалық технология 
Мультимедиа – интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен визуальды 
және аудиоэффектілердің өзара әрекеті. СD дискілердің пайда болуы және кең таралуы 
мультимедиа 
жүйесін 
жарнамалық 
және 
ақпаратық 
қызметте, 
желілік 
телекоммуникациялық технологияда, оқытуда тиімді қолдануға мүмкіндік берді. 
Мультимедиалық ойындық және оқыту жүйелері дәстүрлі «қағаз кітапхананы» ығыстыра 
бастады. Қазіргі кезде СD библиотекасы арқылы музейлерде, қалаларда т.б. шарлауға 
болады [5]. 
Инновациялық білім – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің 
мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік іскерлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға 
бағытталған. 
Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу 
әрбір болашақ ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” 
қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты 
жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу 
әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім 
жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.сол себепті педагогикалық оқу 
орындарында инновацияға тәрбиелеу қажет. 
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, 
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын 
дәуір.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, 
логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік 
даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, 
ақпараттық қоғамға бейімдеу. Мұндай құралдардың бірі - электрондық оқыту құралы. 
Электрондық оқыту құралын жасау үшін
1) Инновациялық технология курсының мазмұнына мына элементтерді енгізіп, 
оның мазмұнын анықталды, 
2) Программалау ортасын таңдау жүргізілді. Оның қарапайым түрі мәтіндік 
процессорда гиперсілтемелі мақмұндық элементтерді іске қосу арқылы жүргізу және оны 
htm форматында сақтау. Екіншісі AutoPlay программасын пайдалану. 
3) Программалық өнімді іске қосып, тексерілді. Кемшіліктер түзетілді. 
4) Программалық 
өнімнің жұмыс жасауға дайындығына көз жеткізіп
презентацияға дайындық жүргізілді. Нәтижесінде әдістемелік жоба дайындалды [6]. 
Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », «білім беруді ақпараттандыру » деген 
сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру 
дегеніміз не ? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс 
жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - 
әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына 
байланысты объективті процесс. 
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл 
процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, 
ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе. 


Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, 
маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді 
ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. 
Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжа-мын 
қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады [7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет