|
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
|
Дата | 21.07.2017 | өлшемі | 7,12 Kb. | | #21544 |
| - Тақырыбы:
- Түбір мен қосымшаның жазылуы.
- 3 – сынып
Мақсаты: - Мақсаты:
- Білімділігі: Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы білімдерін тереңдету. Кейбір түбірлердің соңғы әріптерінің өзгеруін түсіндіру.
- Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жаза білуге, ынталы болуға, ой-өрісін жетілдіруге тәрбиелеу.
- Дамытушылығы: Оқушылардың түбір мен қосымша жайлы білімдерін сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
- Түрі: білім мен іскерлікті игеру.
- Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, ассоциация құру, өзіндік жұмыс, ой – толғаныс.
Сабақтың барысы: - Сабақтың барысы:
- І. Ұйымдастыру кезеңі.
- 1. Сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
- 2. Оқулықтары мен дәптерлерін дайындау.
- ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Сұрақтар арқылы ережелерді пысықтау.
- 1. Түбір деген не?
- 2. Жұрнақ деген не?
- 3. Жалғау деген не?
- 4. Туынды сөз деген не?
- 5. Түбірлес сөз деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ - ІІІ. Жаңа сабақ
- І. Қызығушылығын ояту.
- “Миға шабуыл” Сұрақ-жауап.
- Үш қатарға үш тапсырма беріледі.
63 – жаттығу. - 63 – жаттығу.
- Бірінші жолдағы сөздерге –жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жаз.
- Өнерпаз,ұста,жұлдыз,шолпы,орақ.
- Зергер, киіз, күміс, шегіртке, білезік.
3. Ережесін тұжырымдау. - 3. Ережесін тұжырымдау.
- Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.
- доп – добы сеп - себу
- күрек – күрегі тақ – тағу
64 – жаттығу. (Ауызша) - 64 – жаттығу. (Ауызша)
- Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздерді салыстыр.
- Кітап та – алма ағашы
- Жемісін біздер теретін.
- Тәтті алмаға балашы
- Кітабыңның әр бетін.
Өзіндік жұмыс - Өзіндік жұмыс
- Өлеңді көшіртіп жаздырту.
- Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдату.
- Түбір сөздің соңғы әрпі неге өзгергенін анықтау.
- Шөп ішінен қаулаған
- Айырам атқұлақты.
- Жапырағы аумаған
- Ат құлағы сияқты
- Сергіту. Ойын: Қар жинау.
- 66-жаттығу. Тақтаға орындау.
. - 67-жаттығу. Топпен жұмыс.
- Жаңылтпашты оқып,жатқа айт.
- Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.
- Ауызша.
- Балалар қар күреді,
- Қарды ауладан ары күреді.
- Күрегі бардың бәрі қар күреді.
Тілек - Тілек
- Әр күнің ашық болсын!
- Жүздерің жарқын болсын!
- Талаптарың таудай болып,
- Сарқылмайтын білім болсын!
- IV. Қорытынды
- Оқушылардың білімін бағалау.
- Үйге: 65 – жаттығу. 134бет.
- Ереже жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|