Төртінші тақырып. Саясат қОҒамдық Өмір жүйесінде



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі198,5 Kb.
#82484
  1   2   3   4
Байланысты:
Саясат когам


Төртінші тақырып. САЯСАТ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ЖҮЙЕСІНДЕ


Саясат – мемлекет билігі мен қоғамның саяси мәнін, мазмұны мен мақсатын түсінуге жол ашады. Ол қоғамдық білімдердің іргелі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерін де көрсетеді. Саясатқа байланысты қаншама қателіктер, адасулар, қасіреттер болғаны тарихтан мәлім. Мысалы, осыдан 2,5 мың жыл бұрын саясат жөнінде Аристотель: «Адам өз табиғатында – саяси тұлға; кім мемлекеттен тыс өмір сүретін болса, ол үлгі-өнегелік тұрғыдан жетілмеген жан» дегенді айтса, Гомер: «Ондай адамды ойын тақтасынан шығып қалған шахмат тасымен салыстыруға ғана болады» дейді.
Бүгінде саясаттан, қоғамдық өмір жүйесінен тысқары тұрған адамды табу қиын. Оның үстіне «саясат» деген терминді пайдаланбайтын адам жоқ. Расында, баршамыз саяси қимыл-әрекеттердің кеңістігі мен шеңберінде өмір сүреміз, оны күнде көреміз, сезінеміз. Бірақ оның арқаулары бізден жасырын, толық құпия жағдайда жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұл арада біз жай көзге көрінбейтін заттарға еніп кетуге қабілетті ғылыми таным – саясат құбылысына ұшырасамыз.
Ғылыми саясат – адамның қажеттілігі мен мұқтажы екенін айту керек. Ол қазір жол сілтеуші темірқазық жұлдызға, сонымен бірге қоғамдық өмірдің барлық саласындағы оның кез келген әрекеттерінің шектеушісіне айналып отыр. Бүгінде әлемде қоғамдық дамудың, қозғалыстың және өздерін тамаша болашақ күтіп тұрғандай болып көрінетін қоғамдар мен тұжырымдамалардың қоғамдық дамуының, дағдарысы мен күйреуінің зор саяси тәжірибесі жинақталған. Мұндай жағдайда сол тәжірибелерді жинақтау, зерттеу, ой елегінен өткізу, тұжырым жасау, тиісінше жаңа саясат құру талап етіледі. Әсіресе, сан алуан дағдарыстар, тіпті әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салаларын шарпып тұрған дәл осы тұста мұндай жұмыстар өте-мөте қажет-ақ.
Егер ақиқатқа жүгінсек, Шығыс Еуропа және әлемнің басқа аймақтарындағы қоғамдық саяси жүйелер ұшыраған дағдарыстардың басты себебі түптеп келгенде ғылымға емес, саясатқа негізделетінін көрсетіп отыр. Саясатшылар ұзақ уақыт бойы ғылымды өздерінің іс-қимылдарын мадақтау құралына айналдыруға тырысып бақты, сонымен қатар олар ғалымдардың айтқан ұсыныстарына көп ретте құлақ аспады. Әрине, мұндай саясаткерлер ғылымға зәру болмады, осыдан барып кейбір ғылыми бағыттарға тұтас тыйым салынып, тіпті олардың қайсыбірі мүлдем жойылып кете барды. Бұл біздің республикамыз бен бұрынғы КСРО-ның басқа да республикаларында дербес ғылыми бағыт ретінде соңғы уақытқа дейін тыйым салынып келген саяси ілімдер мысалынан айқын көрінеді.
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясатты білу әрбір адамның басқа адамдармен қоғамдаса отырып, өзінің мұқтажын қанағаттандыра алатындығын, мемлекет аясында өз ойларын жүзеге асыру құралдарына ықпал ете білетіндігін ашық айтқанымыз жөн. Саясатты түсінбеу, одан саналы түрде теріс айналу – адамның қоғамнан шеттетілуіне, тіпті оның адами өмір сүруіне қауіп төндіруі де мүмкін.
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат проблемаларын анықтау үшін бәрінен де бұрын саясатты қоғамдық құбылыс ретінде бағалау басты қағида екенін естен шығармауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет