Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры



Дата12.04.2022
өлшемі17,85 Kb.
#138995
Байланысты:
Репрессия СӨЖ жауабы
16 Хронический лимфолейкоз

1937- 1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры.
Қазақ тарихына таңбаланып жазылған қасіретті 1937-1938 жылғы Сталиндік репрессияның әлеуметтік зардабының қоғамға қандай нұқсан келтіргені туралы барлығымыз білетін болармыз. Оны тек әлеуметтік тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар экономика, мәдени салалар, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне орасан зор зардабын тигізгенін де тілге тиек етіп айта аламыз. Сталиндік репрессия қоғам қайраткерлері мен зиялыларының жеке басын айыптап қана қоймай, оларды “Халық жауы” етіп, қоғамнан алыстатуға барын салды. Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын- сүргін бағдарламасының негізіне айналып, “Халық жауларын” әшкерелеумен де айқындалып отырды. “Партия мен халыққа жат элементтер” деп ең алдымен білім шырағын халқының бойына сіңірмек болған партия арасындағы өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан қармаққа ілінер балықтарын іздестірді. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданып, әміршіл- әкімшіл жүйені нығайтатын жол ашты. Елде тоталитарлық және казармалық социализм орнап, жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама пікір айтып, өкімет тарапының үкіміне қарсы келген адам “Халық жауы” қатарына жатқызылып жазаланып отырылды. Ең алдымен жазаға демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар азаматтары мен көзі ашық, көкірегі ояу, қоғаммен санаса алатын ерлер ұшыраған. Жеке адам басына табынған тоталитарлық жүйе салдарынан 101 мың Қазақстандық ГУЛАГ- қа жабылып, 27 мыңнан астамы атылды. “Халық жауларының” 40 мыңы кейіннен ақталды. Онымен қоса олардың шәкірттері мен жанұясын да қоғамнан безіндіріп, қуғын- сүргіннің тұтқыны қылып та реалистік тұрғыда тарихқа бейнеледі. Қазақ зиялыларын жер аудару, партия қатарынан шығару, жалтақ, жасқаншақ, тіпті халық алдында екі жүзді кейіпте көрсетті. Ең сорақысы, олардың шығармаларын оқуға тыйым салынып, жою туралы да жарлықтың жаңа парағына қол қойылды. Өз жерлерінің топырағынан алыстатып, ату жазасын да басына төндірді. Осылайша, қазақ тарихында тағы бір қасіретті маусымның көрінісі ашыла бастады.
Сталиндік қуғын- сүргін геноцид саясаты осындай көрініспен қоғам арасында ызғармен кеңінен тарады. Репрессия құрбандарының ішінде: Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Жандосов, Ә. Досов, С. Сәдуақасов, Т. Жүргенов, Ә. Бөкейханов, қазақ тіл білімінің негізін салып, әліпбиін жарыққа шығарып, жұртын маса кейпінде оятуға ұмтылған А. Байтұрсынұлы, қазақтың тұңғыш романы “Бақытсыз Жамалдың” авторы М. Дулатұлы, психолог жазушы Ж. Аймауытов, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған С. Торайғыров, сұлу да сазды шығармалар айнасы бола білген С. Сейфуллин, “Ақындықтың Құлагері” атанған І. Жансүгіров, шығармаларына кедей күйін арқау еткен, 700- ге жуық мақалаларды қағаз бетіне түсірген Б. Майлин,жастарға өз сенімін білдірген, лирикасы жан тебірентіп, ішкі дүниесі сүттей ақ М. Жұмабаев, Қ. Жұбанов, С. Асфендияров, т.б. болды. Репрессияға қарамастан, қазақ әдебиетінің өркендеп, тамырын тереңге жаюына үлес қосқан қайраткерлердің есімі- қазіргі таңда құрметпен айтылады.
Айта кететін жайт, тарих ешкімге мәлім болмағандықтан, кей санатта бұрмаланып кететін де жағдайлар болады. Соған қарасты тағы да көзге оттай басылар деректерге көз жүгіртсек...
Кеңес үкіметінің орнаған алғашқы күнінен бастап- ақ үзіліссіз жүргізіп отырған бұл шараның қанды шеңберіне қоғамның саяси -міріне белсенді түрде араласқан адамдардың барлығы да іліккен еді. Сондықтан бұл қанды террордың зұлматы зардабынан қазақ халқының ұлттық даму демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойды. Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге дейін әртүрлі мөлшерде айтылады. 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М.Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы” атты еңбегінде 1937-1938 жылдары Қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп айтады. 1936-1938 жылдар арлығында 29 әртүрлі “контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Қуғын-сүргінге негізделген саяси жүйе орнаған елде дені сау адамдардың өзін-өзі өлтіруі жиі кездеседі, 1930-1950 жылдары КСРО көлемінде жетекші қайраткерлердің өзіне-өзі қол жұмсауы жиі кездескен. Қазақстанда қалыптасқан ауыр саяси жағдайдан туындаған психологиялық күйзеліс салдарынан адами құндылықтар қатары сиреп, нәтижесінде өзін-өзі өлтіру адамдар арасында жиі кездескен. Ұлтшылдық пен заман шындығының айнасының беті ашылып, таңымыздың шуақты атуына да себеп табылып жатты. С. Сейфуллин сол жылдары өзінің естелік хатында: “Қазақ халқының айы оңынан да, солынан да туылған кездер болды”, - деп жазған. Осыған қарап, тарихтың тескілеген темірінен, түрменің сызды темірі жанына батқандығын баян еткен. Заманында ұлт азаттығы жолында халқына қалтқысыз қызмет еткен зиялыларымыз болашақ тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. Сондықтан да тәуелсіздік жолында күрескен ұлт зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихының қасиетті төрінен орын алуы керек. 
Қорытындылай келе, “Алаш арыстарына” атты туындыны негізге алғым келеді:

Басыңнан кешірдің бірталай азапты,


Кім мақсат етпеген қайсар, өр қазақты?!
Азаптың бар дәмін татып ең, қашанда
Бірақ та бәйгеде шын жүйрік озады.

Қайыспай қабырғаң, болдың сен табанды,


Қайтсе де көтердің ауыр сол жазаны
Ұстаттың туын сен жастарға сенімнің
Қиналдың “Жастарым көрсін”, -деп рахатты!

Сескенбей аштың сен парағын шындықтың,


Азабын көп көрдің жазасын атудың
Батыр деп таныды бүгінде қазағың,
Өзіңдей табанды қауласын ұрпағың!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет