Лекция концерт. Тақырып: «Дина Нұрпейсованың шығармашылығы мен өмір баяны»



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі284,01 Kb.
түріЛекция
  1   2
Лекция концерт.

Тақырып: « Дина Нұрпейсованың шығармашылығы мен өмір баяны»

Домбыра мұғалімі:Айтмұханбетова Ш.




Көкпекті ауданы.Самар ауылы.
Лекция концерт.

Тақырыбы:  Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы .

Білімділік мақсаты:  Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, Дина куйлеріне мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты:  Домбыра арқылы халық шығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңіруге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:  Ән- күй тыңдау арқылы оқушылардың қиялы мен ой- өрісін ойлау қабілетін, сезімін дамыту.

Көрнекілігі: Дина Нұрпейісованың суреті, слайд, буклет, бейнеленген сурет және үн таспа.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабағымызда Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, Дина куйлерін тыңдайық.

Оқушылар сабағымызды бастамас бұрын өткен сабағымызды қайталап алайық. Дина апаларынның қандай күйлерін білесіңдер? Иа,Тойбастар,Әсем қоңыр,Бұлбұл және де Жеңіс, Партия туралы,Он алтыншы жыл т.б көптеген күйлері бар. Дина Нұрпейісова 1861жылы Батыс Қазақстан облысы,Жаңалы ауданының Бекетайқұм деген жерінде дүниеге келген. Әкесі кенже де домбыра шертетін кісі болған. Динаға алғаш рет домбыра үйреткен әкесі Кенже екен . Ол кісі «Айжан қыз» атты күйді автордың өзінен үйреніп, оны қызы Динаға үйреткен.Дина 9 жасында әкесі орындаған ән күйлерді түгел үйреніп алып,орындап жүрген. Байжұма секілді күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, ел арасында арасында « күйші қыз» атанып, көзге түскен. Қаршадай күйші қыздың даңқын естіп білген Құрманғазы Сағырбайұлы арнайы іздеп келген.Атақты күйші Құрманғазы Динаны 10 жасында кездесіп, 9 жыл бойы қасына ертіп,атақты күй сайыстарына қатыстырып отырды.Кейін күй тартпай өз жанынан күй шығар деп ақыл берді.Құрманғазының Динаға домбырасын бенгені.

Сұрасаң менің атым –Құрманғазы,

Құтқармас ,қашса қоян құмнан тазы.

Үйіңе досың келіп құр аттанар,

Қайтейін кедейшілік малдың азы.

Айтайын айт дегенде өлеңімді,

Білерім бір күн бар өлерімді.

Олда бір маған берген бақыт шығар,

Берейін Динаға домбырамды,өнерімді.

«Домбыра менің өмірлік серігім еді. Ол ғұмырымның ұзақта қиян кескі қиын жолында серік,берік сүйеу болды.Енді осы қимас серігімді лайықты мұрагерім –саған тапсырдым»-деп домбырасын Динаға берді.Дина домбыраны қолына алды да Әсем қоңыр күйін бастап тартады.

Мұғалім: Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген. Алып даланың сырлы сазын мұңлы күймен жеткізе білген Қорқыт, Кетбұға , Асан қайғы, Қазтуған, Қ ұрманғазы секілді ұлы тұлғалардың ізін басып, дәстүрін жалғастырып бүгінгі күнге жеткізген дәулескер күйшілер сирек.Сол сиректердің бірі әрі бірегейі- әйгілі күйші Дина Нұрпейісова.Оның домбыра шертісіне тәнті болған дәулескер күйші батасын береді. Домбыра тартудың тылсым сырларын үйретеді. Әруақты күйші Құрманғазы атамыз- Динаның өнержолындағы тұсауын алғаш кескен адам.

Енді бір сәт слайдқа көз салайық балалар!



Мұғалім: Оқушылар жарайсыңдар, кім тағы Дина апамыз туралы не білеміз? Оқушылар: Күйші Дина Нұрпейісованың балуан болғандығын көп адам біле бермейді.

Саусағынан күй саулаған әйгілі күйші Дина Нұрпейісова домбырашы ғана емес, той думанның көркін қыздырған шебер балуан да болған. Дина апамыздың қарапайымдылығынан бұрын жігерлілігіне бас июі керек. Кезінде қыз- келіншектеріміз шалбар киіп, күреспек түгілі ел алдында өз ойларын толық білдіре алмаушы еді. Ал Дина Кенжеқызы кез келген той- думанда домбыра шертіп, күй тартумен бірге білегін түріп, күреске де түсетін шебер балуан болған». Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көрген адамды ерекше қайран қалдыратын.



Мұғалім: - Жарайсыңдар балалар Дина апамыз туралы біраз мағлұматтар алдық енді осы Дина апамыздың күйлерінен күй тамашалайық.

Мұғалім: - Қандай күйін білесіңдер?

Жақсы ендеше Қүсманғазинова Айнұрдың орындауында Динаның күйі «Тойбастар»



Балалар осы Тойбастар күйінің шығуы Дина « Той бастар» күйін 1940 жылы өткен Қазақстан республикасының жиырма жылдығына арнап шығарады. Дина бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар халықтың шалқыған қуанышын суреттейді. «Той бастар» жарқын болашаққа алып адаммен келе жатқан халықтың салтанатты марш сияқты. Бұл арнау күй. Құрылымы жағынан төкпе күй.



Мұғалім: Күй атасы Құрманғазының батасын алған, « Қазақстанның Халық әртісі» өнегелі өмір жолында 13 баланы дүниеге әкеліп абзал ана болған, арқалы күйлер шығарып дана болған Дина анамыздың талантын қазақ қоғамы зор бағалады, оның дарынын, күйшілігін ерлермен қатар құрметтеді. Күйшінің күй мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның халқы да Дина күйшіні орынды мақтан етеді.

Сергіту сәті:-Қане балалар, біраз демалып алайық. «Ерке-сылкым» күйін Ержан қызы молдірдің орындауында.

Халық күйі Арғынғазы күйін Ахиқат Ұлжанның орындауында тыңдайық. .





Каталог: uploads -> doc -> 08a6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08a6 -> Сабақтың тақырыбы: «Өткен тақырыптарды қайталау»
08a6 -> Сабақ: 16 Сабақтың тақырыбы: Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі
08a6 -> Сабақтың тақырыбы : Құрақ құрау Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау әдісін үйрету. Құрақтың түрлерімен танысу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет