Сөз қоржын
Жасық – 1) көк бақа, семіз емес, арық; 2) асыл емес, суарылмаған, өтпейтін; 3) уытсыз, тартымсыз. Бұл жерде: ауыспалы мағынада ешкімге керексіз деген.
Алақұйын – 1) күтпеген жерден, аяқастынан тез басталып, тез тоқтайтын ұйт-қып соққан қатты желдің айналма қозғалысы; 2) айналмалы, құбылмалы мінез; 3) айнымалы, құбылмалы кез, уақыт, мезгіл. Бұл жерде: үшінші мағынада»
Көрік – 1) темір балқытатын пештің отын үрлеп тұру үшін былғарыдан не теріден жасалған желдеткіш құрал; 2) металдарды қыздыруға, балқытуға, керамикалық бұйымдарды күйдіруге арналған пеш; 3) өң, келбет, сән, ажар. Бұл жерде: ауыспалы мағынада қолданылып, кеудесін, жүрегін, болмысын пешке теңеп тұр.
Ерке-бұлан – әлпештеген, қағу-соғу көрмеген, ерке өскен деген.
Алакөңіл – дегбірсіз, алаңдаған, көңілі күпті. Бұл жерде: ауыспалы мағынада көңілі дұрыс емес, ниеті онша емес, яғни жақсы емес дегенді білдіреді.
Торқа – 1) ең қымбат жібек мата; 2) мал қиының қалдығын уақтап елейтін елек; 3) ауыспалы мағынада жанға жайлы жұмсақ. Бұл жерде: топырақты матаға теңеген, яғни үшінші мағынада. Қазақ халқында қайтыс болған адамға «топырағы торқа болсын» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |