Күні:_____________2017ж
Жасы:____________
Сабақтың тақырыбы: Гүлінің түсі құбылмалы гүлдер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың гүлді өсімдіктері туралы білімдерін
жетілдіру, гүлдердің өзгермелі түрімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен ынтасын,
талабы мен іскерлігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбек сүйгіштікке, өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, слайд.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Гүлдердің түрлі-түсті болуы неге байланысты?
2. Гүлдердің өсуіне ең бірінші не қажет?
ІІ. Үй тапсырмасы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Қорытынды
Өткен сабақты қайталау.
- Гүлдер несімен ерекшеленеді?
- Лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) қандай заттан ауаны тазартады?
- «Уқорғасын» деп қай гүлді атаймыз?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Күлте жапырақшасының түсі өзгеріске ұшырайтын гүлдер көптеп кездеседі. Алайда, Әлдемнің 3-ақ жерінде кездесетін гүлдер бар. Бұл өсімдік қосжапырақты гүл деп аталады. Ол Жапония, Қытай және Аппалач тауының бөктерінде өседі. Ол тек суық пен жауынды жақсы көреді екен. Оның өзге гүлдерден ерекшелігі күлтесіне су тисе түсін жоғалтып, мөлдір кейіпке енеді. Ал кепкен соң, қайтадан аппақ түсі қалпына келеді.
Пеларгония. Пеларгония (сәндік өсімдік) Пеларгония – қазтамақтар тұқымдасына жататын бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер. Олардың түріне қарай үлкен 4 топқа бөлуге болады. Ірі гүлді (корольдік) пеларгонияның түсі – ақ, қызғылт-қызыл және қара-қоңыр немесе ақ түстен бастап қызыл-күлгін, тіпті қара түске дейін өзгеріп отырады. Кейде құбылмалы болып келетін түрлері кезігеді. Ірі гүлді пеларгонияның жапырағы сүйір, өткір әрі тікенекті болып келеді. Барқыт тәрізді пеларгония – қалқан тәрізді пеларгониядан шыққан және гүл сағанақтары ұзын, гүлдері қарапайым, жартылай түкті болып келеді. Барқыт тәрізді пеларгонияның сабағы шырмалып немесе жер бауырлап өседі. Осы ерекшелігіне қарай бұл аспалы өсімдіктер қатарына жатады. Пеларгонияның бұл түрін балконға шығарып қойсаңыз, өте әдемі көрінеді. Аймақтық пеларгония – жапырағының әдемілігімен ерекшеленеді. Өйткені жапырағы түрлі-түсті болғандықтан бірден көзге түседі. Ал гүлі қарапайым болып өседі. Хош иісті пеларгонияның жапырағында эфир майы бар. Сондықтан оның өзіне тән ерекше иісі болады. Жапырағының түсі ашық көк, гүлі ұсақ, ақ және күлгін түсті болып келеді.
Топтық тапсырмалар
1-тапсырма: «Менің аулам» сөзжұмбағы.
Мұнда оқушылар қойылған сұрақтарға орнында отырып, тез жауап беруі керек.
Табиғаттың бір бөлшегі? (өсімдік)
Көпжылдық бақша гүлі? (түймедақ)
Отырғызылған біржылдық гүлдерді қай айда тамырымен жұлып тастайды? (қазан)
Көктемде гүлімен, жаз бойы қызыл қоңыр жапырағымен, ал күз бен қыста моншақтай түзілген жемісімен ерекшеленетін бұтақты өсімдік?
(бөріқарақат)
Ауладағы жасанды сарқырама немесе су қоймалары сәнді көріну үшін суда өсірілетін гүл? (тұңғиық)
Ауланың көркі – гүлдер. Ал, гүлдермен көгалдандырушылар кімдер?
(гүлпаздар)
Органикалық қалдықтардан түзілетін, өсімдіктердің өсуіне қажет зат?
(биогумус)
Жеміс неден пайда болад? (гүлден)
Мәңгі жасыл өсімдік? (арша)
Көгалдандыруда кеңінен қолданылатын ең ұзын өсімдіктер түрі?
(шырмауықтар)
2-тапсырма: «Жүйрік болсаң өзып көр?» кезеңі.
1.Әр оқушы ортаға шығып жасырын гүлер суреттерін (Алое, қазтабан, фикус, дроцена, түймедақ) таңдап алады. Сол суретте берілген гүлге сипаттама береді. Алға озып шыққан оқушы жеңімпаз атанады.
Ойын: «Гүл мен жаңбыр»
Дала өсімдіктері дала да жаңбырмен өседі
«Гүл мен жаңбыр» деген ойын ойнайық.
Ойынның шарты: Күн шықты деген кезде, гүлдер жайнап өседі. Ал қатты жел соға бастағанда, жан – жаққа шайқалады, бір мезгілде аспанда бұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастағанда, гүлдер тоңып, бүрісіп, қолшатырдың астына жиналады.
2-тапсырма:.«Кім жылдам?» ойыны.
Әр топ оқушылары кезекпен келіп гүлдер суретін таңдап алады, сурет артында мақал-мәтелдер мен сұрақтар жасырылған. Оқушылар соларға дұрыс жауап беру арқылы ландшафтық дизайн суретін құрастырады.
1. Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның ........... (өз гүлі бар)
2. Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің .......... (тынысы басқа)
3. Бір гүл толып ашылады,
Бір гү.............. ( солып ашылады)
4. Гүл ашылмай ......... сайрамас. (бұлбұл)
5. Гүлді гүл деме ......... болмаса. (егер сабағы)
6. Өсімдік жақсы өсу үшін оған не қажет? (жарық, жылу, ылғал, қорек)
7. Өсімдік топыраққа қалай бекиді? (тамыры арқылы)
8. Жапырақтың атқаратын қызметі? (қорек жинайды, суды буландырады)
9. Гүл өссе жердің көркі,
.................................... (Қыз өссе елдің көркі)
10. Үкісіз ........ болмас, (қыз)
Тікенсіз ...... болмас (гүл)
11. Дала көркі — ........ ( гүл)
Ана көркі — ........ (ұл)
12. Көп жылдық гүлдерді атаңыз.
13. Біржылдық гүлдерді атаңыз.
14. Роза гүлінің қазақша атауы (раушан)
15. Медицинада микропты өлтіретін дәрі ретінде
қолданатын көпжылдық гүл (түймедақ)
16. Көпжылдық гүлдерді көбейтудің ең оңай жолы?
Тәжірбиелік жұмыс: Сабақ барысында қалдық заттардан гүл жасауды үйренеміз Ол үшін алдымен керек заттарды түгендеп алайық.
Бүгінгі сабаққа керек жарақтар:
1. Қайшы
2. Гуаш
3. Клей
4. Сым
5. Қураған ағаш
6. Баклашка
7. Гүл отырғызатын құты
8. гипс
9. губка
1. Алдымен қураған ағашымызды құтыға отырғызып аламыз. Ол үшін құтыға гипсті жібітіп ағашымызды отырғызамыз. Ағашымызды бекітіп болғаннан кейін, гуаштың қоңыр түсімен бояймыз да, оны біраз кепкенше қойып қоямыз.
2. Содан кейін, бақлашканы қайшымен қиып, гүл формасын жасаймыз.
3. Гүлді қиып болған соң, гуаш пен түрлі түсті етіп гүл бейнесін бояп қалыптастырамыз.
4. Губканы киып, клеймен баклашканын ишине салып жабыстырамыз.
5. Гүлдер кеуіп болғаннан кейін, сыммен гүлдерді ағашқа бекітеміз.
ІV. Қорытынды: Міне, көріп отырғандарыңдай біздің бүгінгі сабағымыз гүлдердің түр-түсіне байланысты екен. Қане, айтыңдаршы?
- Жаңбырдан кейін қандай гүл өзгеріске ұшырайды екен?
- Ол гүл қайта қалпына келеді ме?
- Әлемнің қанша жерінде кездеседі?
- Жапырағының құрамында эфир майы бар гүл қалай аталады?
- Жапырағының әдемілігімен ерекшеленетін гүл қалай аталады?
Тексерілді:_____________
Достарыңызбен бөлісу: |