2. Берілген мәтін қай стильде жазылған?
А) Публицистикалық стиль
В) Ресми іс-қағаздар стилі
С) Ғылыми стиль
D) Ауызекі сөйлеу стилі
Е) Көркем әдеби стилі
4-мәтін:
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,– деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,– деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен! – деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
Сұрақ:
1. Мәтін бойынша Ақселеудің иттен қашпау себебі неде?
А) Алысқа жүгіре алмайтын болғандықтан
В) Досын қорғап қалу үшін
С) Барлық нұсқа дұрыс
D) Науқас болғандықтан
Е) Иттерді жақсы көретіндіктен
2. Мәтіннің мағынасына орай мақал-мәтел
А) Төркін десе қыз төзбейді, көкпек десе түйе төзбейді
В) Күркіреген бұлттың жаңбыры аз
С) Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін бірі жамаңдықтан сақтамаса
D) Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта
Е) Қорыққанға қос көрінер
А)
В)
С)
D)
Е)
Достарыңызбен бөлісу: |