Тіс ауыз қуысындағы үстіңгі және астыңғы жақ сүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7-аптадан бастап ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады (төменгі сатылы омыртқалы жануарларда-хайуанаттарда өте көп, ал адамдарда екі кейде үш рет алмасады), тіс сүйек тәрізді бұлшықетке жалғаспайды; тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады. Тістің негізгі қызметі: тістеп үзіп алу, қырқу, жырту, шайнау, езу , үгу, кеміру, сондай-ақ сөз сөйлеуге де қатынасады.

Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны - 32