Прецессияжәне нутация – Жердің айналу осінің және эклиптика жазықтығының кезендік өзгерулерімен байланысты астрономиялық құбылыстар. Прецессия деп жұлдыздарға байланысты көктемгі түн мен күн теңесу нүктесінің жылжуын айтады. Ол эклиптика бойынша, Күннің жылдық қозғалыс көрінісіне қарсы болады. Сол себепті Күн, жұлдыздар арасындағы бір орнына оралу уақытына қарағанда, сол арқылы жыл сайын ерте өтеді. Жалпы жылдық прецессияның шамасы (Ньюкомб бойынша) 50 ",2564"+ 0 ",02223 "Т, мұндағы Т= 1900,0 жылдан тропикалық жұзжылдықтар саны. Әлем осінің прецессиялық қозғалысы нәтижесінде әлем полюстерінің әрқайсысы аспан сферасында, әрбір 26000 жыл сайын центрі эклиптика осінде болатын, радиусы шамамен 23°5 кіші шеңбер жасайды. Прецессиялық қозғалыстан басқа әлем осі Ай орбитасы жазықтығының жылжуы әсерінен кішігірім өзгеріске түседі. Соның нәтижесінде полюстер аспан сферасында шамамен 18,6 жыл кезеңдер сайын жартылай осьтері 9",2'және 6", 9 болатын эллипстер бейнелейді. Осы кішігірім өзгерістер нутациялық өзгерістер деп аталады