Георгафиялық еңдік – бұл экватор жазықтығы мен нүктедегі тік сызық арасындағы бұрыш, ол 4.5.суреттегі көрсетулермен анықталады да мен белгіленеді. Еңдік нольден (экваторда) 90о- қа дейін(полюстарда). Солтүстік және Оңтүстік полюс жағындағы ендіктер сәйкесінше солтүстік, не оңтүстік еңдік деп аталады. Георгафиялық бойлық -бұл бастапқы болатын меридиан жазықтығымен нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығының арасындағы бұрышты айтады. Бастапқы (нолдік) меридиан деп Гринвич астрономиялық обсерваториясы (Англия) арқылы өтетін мердиан қабылданған ..
Жер шарын, экватор жазықтығына параллель жазықтықтар мен қиятын жазықтықтың сызықтарын параллель сызықтар деп аталады . Жер шары беттерінің жазықтықтарын, жердің айналу осьі арқылы қиятын жазықтықтардың сызықтарын меридиандар аталады.

ІІ. Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны – ендік және бойлық (ϕ және λ) географиялық координаталарының көмегімен анықталатыны белгілі. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды. Аспан координаталры географиялық координаталарға ұқсас, бірақ астрономдар географтарға қарағанда әр түрлі зерттеу мәселелеріне байланысты аспан координаталарының бірнеше жүйесін қолданады. Солардың екеуімен танысайық.