Аспан сферасы және астрономиялық координата жүйесі


Координаталардың көкжиектік жүйесі



бет5/5
Дата27.09.2022
өлшемі6,97 Mb.
#150925
1   2   3   4   5
Байланысты:
астрнағима

1.Координаталардың көкжиектік жүйесі. Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына қатысты көрінерлік орналасуын қарастыратын болсақ, онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы.(3-сурет). Бұл жүйедегі негізгі жазықтық – математикалық көкжиек жазықтығы. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш – азимут (А). Бұл бұрыш астрономияда, әдетте оңтүстік нүктеден батысқа қарай, ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді. Екіншісі – вертикаль бойымен өлшенетін (3-сурет) шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы – шырақ биіктігі (h).


Шырақ биіктігінің мәні -900-тан +900-қа дейін болады. Бұрыш өлшегіш құрал көмегімен (мысалы, теодолит) аспан денесінің көкжиектік координаталарын анықтау оп-оңай.
Зениттік қашықтық пен биіктік бірін-бірі 900 толтырады. Z+h=900 Z=900-h

2.Координаталардың экваторлық жүйесі. Аспан сферасын көрінерлік айналыста болатынын білдік, әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан да онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол – экваторлық координаталар жүйесі. (4-сурет)


Оның негізгі жазықтығы – аспан экваторының жазықтығы. Жер бетіндегі географиялық ендік сияқты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін координата еңістік деп аталады да, δ әрпімен белгіленеді. Ол еңістік дөңгелегі бойымен өлшенетін доға ұзындығына тең. Еңістіктің аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы «оң», мәні 0-ден +900-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда – «теріс», 0-ден -900-қа дейін.

Экваторлық жүйеде қолданылатын екінші координата географиялық бойлыққа ұқсас. Ол тура көтерілу деп аталды да, α әрпімен белгіленеді. Тура көтерілу координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтың еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта өлшенеді. Сондықтан да жұлдыздардың көкжиектен шығу кезегі олардың тура көтерілу мәндерінің өсу ретімен болады. Тура көтерілудің мәні градустық (00-ден 3600-қа дейін) және сағаттық (0-ден 24 сағ-қа дейін) бірліктьермен өлшенеді. Осы бірліктердің арақатынасын анықтау 24сағ =3600 екендігіне негізделеді. Демек, 1сағ =150; 1 мин=15'; 1с=15"; 10=4мин; 1'=4с. Жұлдыздардың экваторлық координаталарының мәндері бақылаушыға қатысты емес, әрі ұзақ уақыт бойы өзгермейді


Қорытынды
Қорытындылай келе аспан сферасы жайлы мағлұмат алдық деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет