Аспаздық калейдоскоп



Дата12.09.2020
өлшемі19,78 Kb.
#78021
Байланысты:
Аспаздық калейдоскоп


Аспаздық калейдоскоп
Мақсаты:

  • Мамандық бойынша білім, білік дағды сапасын арттыру, ой-өрісін кеңейту, аспаз мамандығының маңыздылығы мен беделін арттыру.

  • Білім алушыларды жан-жақтылыққа, өнерге, шеберлікке тәрбиелей отырып,көпшілік алдында ойын еркін айтуға үйрету;

  • Білім алушылардың шығармашылық идеяларын дамыту, ерекше қабілеттерін насихаттау.

Міндеті:

  • Білім алушылардың кәсіби білім, білік дағды деңгейін, олардың кәсіби дайындығын анықтау;

  • Білім алушылардың мамандыққа қызығушылыңын арттыру;

  • Теорияның практикамен байланысын жүзеге асыру;

  • Мамандықты игеруде шығармашылық белсенділік таныта отырып жоғары нәтижелерге қол жеткізу;

  • Білім алушыларға жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға мүмкіндік беру;

  • Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс: Тамақ дайындау технологиясы, тамақ өнімдерінің тауартануы,

Санитария және гигиена.


Сабақтың түрі: Сайыс

Қажетті құрал-жабдықтар: асханалық ыдыстар, тарелкалар, асханалық аспаптар, пышақтар.
Өтетін орыны: Акт залы.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу

Сайыстың мазмұны:

1. «Білімділер» кезеңі (бұл кезеңде сайыскерлерге ортақ сұрақтар қойылады, дұрыс жауап-5 ұпай).

2. «Карвинг өнері» кезеңі. (берілген көкөніс түрлерінен өз шеберліктерінді көрсетіңіздер).

3. «Суретті сөйлет» кезеңі (суретте берілген құрамдардан қандай тағам әзірленеді).

4. «Аспаздық шебенрлік» кезеңі (1 салат немесе тағам түрін әзірлейді, осы тағамды қалай жасау және беру әдісін көрсетеді).
Оқытушы: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, сайыскерлер, әділ-қазылар және жанкүйерлер.

Қазіргі таңда асзшы мамандындығындай бірде бір мамандық күрделі өзгерген емес. ХХІ ғасырдағы аспаз өз тағамдарында азпазшы шерелігімен, қолының кәсіби қозғалысымен, таңқаларлық қиялымен, түрлі аспазшылық аспаптарымен ерекшеленді. Бүгінде аспаз мамандғы еңбек нарығында беделді және сұранысқа ие. Жыл сайын ондаған жаңа мейрамханалар мен дәмханалар, фестивальдар мен аспаздық шеберлік байқаулары жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік береді.

Аспаздың жұмысында әрқашан ойлану, қиял, өнертапқыштық орын бар. Аспаз кәсібі қиын және қиындық бұл, ең алдымен, көптеген технологиялық процестерді температураның күрт ауытқуы жағдайында қолмен орындауға тура келеді. Сондықтан осы кәсіпте нағыз мамандар ғана табысты жұмыс істей алады!

Олай болса біз аспазшылар сайысын бастаймыз.

Әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейін:

______________________________________________

______________________________________________

_____________________________________________



1. «Білімділер» кезеңі (бұл кезеңде сайыскерлерге ортақ сұрақтар қойылады, дұрыс жауап-5 ұпай).

2. «Карвинг өнері» кезеңі. (берілген көкөніс түрлерінен өз шеберліктерінді көрсетіңіздер).

Тамақтандыру кәсіпорындарында көкөністер мен жемістерді салқын өңдеудің жаңа бағыты «Карвинг». Ағылшын тілінде - «Carve» - деген сөз, кесу, ою, деген мағына береді. Көкөністер мен жемістер карвингі дастарқанды безендіріп түрлі сән беруге арналған бағыт.

Бұл ерекше мәдениеттің қайдан шыққандығы жайында түрлі аңыздар мен деректер бар. Көкөністер мен жемістерден жасалатын карвингтің тарихы Тайландтта осыдан шамамен 700 жыл бұрын пайда болған. Тайланд халқының ұлттық Loy Kratong (шамдарды суда жүздіретін мереке) мерекесіне дайындық барысында, Naanq Noparmart атты патша қызметшілерінің бірі, патшаның ықыласын өзіне аудару мақсатында, өз кратонгін (гүл пішініндегі банан жапырақтары) қалайша әдемі көрсетудің амалын табады. Банан жапырақтарынан гүл пішінін жасайды. Ол тірі гүлді негізге алып көкөністер мен жемістерден гүл пішінін жасап сонымен қатар түрлі құстардың пішінін ойып гүлдерімен бірге кратонға орналастырды. Loy Kratong мерекесіне келген патша Naanq Noparmart кратонын көріп оған бас жүлдені беру шешімін шығарады.

1808-1024 жж ел басқарған король Рамы 2, өзінің поэзиясында көкөністер мен жемістерден жасалған пішіндер жайында атап өткен. Ол Тай елінің тоқбасарларының (десерт) әдемілігі және көкөністерден жасалған безендірулердің әсемдігі, көз тартатындығы жайында жазған.



Карвингтің пайдасы

- Ұқыптылыққа үйретеді

- Шыдамдылыққа үйретеді

- Әсемдікке үйретеді

- Көңіл- күйді жақсартады

-.Тағам қабылдауда тәбет ашады



3. «Суретті сөйлет» кезеңі (суретте берілген құрамдардан қандай тағам әзірленеді).

Сорпа окрошка, цезарь салаты, пицца, суши, KFC,



4. «Аспаздық шеберлік» кезеңі (1 салат немесе тағам түрін әзірлейді, осы тағамды қалай жасау және беру әдісін көрсетеді).

Столдарға сервировка жасап дайындаған салаттарын қойып, жасалу жолын түсіндіреді.



Сайысқа қатысушыларға тыйым салынады:

Жұмыс орынын тастап кетуге.

Арнайы киімді шешіп қоюға немесе сонымен сыртқа шығуға.
Бағалау әдісі:

Барлық Т.Қ сан гигена талаптарын сақтай отырып

Тапсырманы орындау және де уақытты үнемдеу.

Азық түлікті дұрыс технологиялық талаптарға сай өндеу.

Жұмыс орынын тазалығын қадағалау.

Жұмыс біткесін жұмыс орынын жинап пайдаланған ыдыстарды жинап кету.



Дайындаған тағамның дәмі, түсі ұсынуы және де әсемдеу ерекшеліктері қадағаланады.

Сайысты қортындылау:

Әділ-қазыларға сөз беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет