ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық
дамуындағы
демократиялық
жаңғыру
барысында
либералдық қоғамдық құрылыстың және демократиялық
саяси жүйенің базалық негіздерін бекітіп берген маңызды
институционалдық реформалар мен құрылымдық қайта
құрулар жүргізілді. Саяси реформаларды кезең-кезеңмен
жүзеге асыру стратегиясы қазақстандық қоғамға «өтпелі
кезеңнің» қауіпті өткелдерінен сүрінбей өтуге мүмкіндік
берді.
Қазақстандық жаңғырудың ерекшеліктері мен сипатты
белгілері президенттік басқару формасының қалыптасуы
мен сақталуынан, реформалардың кезең-кезеңмен
жүзеге асырылуынан, қабылданған шешімдердің мұқият
бағамдануынан, жалпыұлттық сұхбаттан және негізгі
саяси күштерді біріктіруден көрініс тапты. Аталған жайттар
топтаса келе саяси жүйенің тұрақтылығы үшін және
қоғамның тұрақты дамуы үшін негіз қалады.
Қазақстандағы демократиялық жаңғыру динамикасының
ерекшелігі – демократияға көшу күрделі саяси, экономикалық
және әлеуметтік жағдайларда басталғанында, міне осы
факторлардың әсерінен саяси қайта құрулар процесі
кезең-кезеңмен жүзеге асырылу сипатына ие болды.
Елдегі саяси тұрақтылықты сақтай отырып, дамудың
демократиялық бағытының орнығуы 1990-шы жылдары
бұл процестің басты қорытындысы болды. Қысқа мерзім
ішінде бірпартиялық диктатурадан көппартиялық
плюрализмге өту жүзеге асырылды. Азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз ету, тәуелсіз БАҚ дамыту,
азаматтық қоғам құрылымдарын қалыптастыру шынайы
демократияландырудың көрсеткіштері болды.
Демократиялық жаңғыру процестерінің динамикасы
Қазақстан таңдаған саяси жүйені ырықтандыру бағыты
өзгермегенін көрсетеді. Жаңа идеялар мен тәсілдемелер
енгізілуде, көбіне көрнекті рөл атқарып келген
институттардың қызметі шынайы әрі нақты мазмұнмен
толығуда.
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
142
Қазақстандағы демократиялық жаңғыру динамикалық
үрдіс ретінде жалғасуда. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы
бойына жүргізілген саяси реформалар ел Президенті
Н. Назарбаев бастаған биліктің демократиялық даму
бағытын ұстануға бекем бел буғанын қуаттайды.
Демократиялық реформалардың стратегиялық бағытын
бекіту алдағы басым мақсаттар болып табылады.
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
143
Достарыңызбен бөлісу: |