Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет77/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

ГЛОССАРИЙ
Билік – жеке тұлғалар немесе топ мүшелерінің белгілі бір 
мақсатқа жете отырып, әлеуметтік қатынастар ауқымында 
өзінің қызығушылықтарын ешқандай қарсылықтарға 
қарамастан жүзеге асыру. Биліктің ықпал ету ерекшеліктері 
(оның басқа да ықпал ету формаларынан өзгешелігі) оның 
мәжбүрлеуінде болып табылады.
Мемлекет – билік аппаратының көмегімен белгілі бір 
территорияда қоғамды басқару үшін құрылатын, қоғамның 
барлық тобына міндеттілік сипаттағы шешім қабылдайтын 
негізгі саяси институт. Мемлекет заң шығарушы органдар, 
атқарушы билік (үкімет), сот, полиция және қарулы күштер 
сияқты саяси құрылымдардың жиынтығын сипаттайды.
Азаматтық қоғам – қоғам өмірінің экономикалық, саяси, 
әлеуметтік, рухани саласында бастапқы сипатта ерікті түрде 
құрылған мемлекеттік емес құрылымдардың жиынтығы 
болатын әлеуметтік қауымдастық; бұл түрлі ассоциациялар 
мен жеке тұлғалардың жанжақты ерікті белсенділігі сипат 
беретін сала.
Демократия – азаматтарға саяси шешімдер қабылдауға 
және орталық және жергілікті билік өкілдерін таңдауға
қатысуға құқық беретін қоғамдық-саяси жүйе. 
Институт (лат. institutum – орнату, мекеме) – заң жүзінде 
немесе адамзат қауымдастығының дәстүрімен белгіленген 
қоғамдық ұйымдар құрылымы немесе іргелі формалардың 
жиынтығы.
Легитимділік (лат. legitimus – заңды) – әрекет етуші 
мемлекеттік биліктің заңдылығын, оның қызметі мен 
орнығуының (мұрагерлік, сайлау немесе басып алу) әдістері 
мен механизмін қоғамның және де негізгі саяси күштердің 
мойындауы. 
Республика – қайнар көзі халық болып табылатын, билік 
органдарының мүшелері халықтық сайлау немесе жалпы 
ұлттық өкілетті құрылымдар (мысалы, парламент) арқылы 
құрылатын мемлекеттік құрылым түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет