Қазаққа қандай кризис,
Қорасында малы бар, дастарханында наны бар!
Нұрын төгеді Алласы, Нұрсұлтандай ханы бар!
Ендігі менің тілегім, тек қана тойдан шаршайық,
Қалғанның бізде бәрі бар!
Еврей келіп көлді алды,
Кәріс келіп кенді алды,
Қытай келіп жерді алды,
Ұйғыр келіп төрді алды,
Айналайын қазағым
Алынбаған нең қалды?
Алынбаған осы тойың ғана қалды!
Ээээй, олар тойыңды ала алмайды!
Неге ала алмайды?
Өйткені әсем әнге сала алмайды,
Көкпар шаба алмайды,
Құдаға шапан жаба алмайды,
Кешігіп бара алмайды,
Бір тойға бола банктен кредит ала алмайды,
Сондықтан біздің қазақ үшін
Тойсыз өмір – өмір боп саналмайды,
Бір мереке ескерусіз қала алмайды.
100 мың еврей, миллион қытай жиналса да,
Астананың бір тойындай бола алмайды!
Қытай қорғанымен мақтанады,
Россия орманымен мақтанады,
Швейцария сұлулығымен.
Америка долларымен мақтанады,
Германия түзу жолымен мақтанады,
Грузия виносымен,
Индия киносымен мақтанады.
Олар қазаққа мақтанудың не екенін біледі екен,
Қазақта түк жоқ деп күледі екен.
Ал шынымен мақтанатын болсақ,
Мақтанатын жәйттардың барлығы бізде екен.
Әлемді асыраған мұнай –
Атырау қаласында жатыр, дұрыс па?
Қытайды асыраған күріш –
Қызылорда даласында жатыр.
Швейцарияның сұлулығы –
Бурабайдың даласында жатыр,
Германияның түзу жолы –
Қостанай мен Астананың арасында жатыр.
Нағыз сусын Грузияның виносы емес –
Әжемнің қымыз сапырған сабасында жатыр,
Қазақтың қара шайының шамасында жатыр.
Ал мынау Индияның бас иіп, табынатын сиыры,
Біздің ауылдағы Сәрсенбайдың қорасында жатыр.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйгі берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін!
Достарыңызбен бөлісу: |