Ассалаумағалейкум!



бет1/13
Дата16.06.2020
өлшемі41,01 Kb.
#73647
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
той той той (1)


Ассалаумағалейкум! Әз-Жәнібек хандығын құрған қазақ,

Жеті жарғы заңымен тұрған қазақ,

Ақтабан боп шұбырып шуласада,

Төскейде малын, тойда басын қосып,

Әрдайым тату болып тұрған қазақ.

Жалаңтөс боп Самарқанды салған қазақ,

Бейбарыс боп Мысырды алған қазақ,

Отқа оранған ел жұртын,

Найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған қазақ!
Төлеңгітке төрін берген төредей болған мырзалығы бар, өткірлігін қылышқа, намысын найзаға теңеген қайсарлығы бар, жадыратса жаздайын жайсандығы бар, үлкенді құрмет тұтқан байсалдығы бар, ел аманатын арқалаған ағалар мен қасындағы күлімдесе көзінен күн көрінген әйелдер қауымы армысыздар!

Бүгін мінекей, өздеріңіз куә болып отырғандай салтанатқа саға, бар қалаға аға болған, елордамыз Астананың төрінде «_____________________» мейрамханасында егеменді еліміздің тағы қуанышына сіз бен біз жиналып отырмыз!




БАТА «Сөздің басы бісміллә, бісмәлла демей іс қылма» демекші, отырыстың шымылдығын ашып, дастарханымыздың түңілігін түру керек. Ауылыңда қария болса жазып қойған хатпен тең, жасы үлкен қария- көңілі шалқар дария, шерткен сөзі шежіре, оларға еткен қызметің бір өзіңе мәртебе, осынау тойымыздың төрінде Қаратау қопарыла қол беретін, Алатау ізетпен жол беретін абыз ойлы ақсақалдарымыз бен ақ самайлы апаларымыз отыр!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет