Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.
ЕЛ АҒАЛАРЫ, Әулеттің үлкендері.
Мағжан: Сыйластықтың өлшемі мен қисыны жарасқан. Өз бақытына емес өзгенің бақытына қуана білу парасаттылық. Олай болса бүгінгі тойда ел дамуына қомақты үлес, байтақ Отанымыздың өсіп-өркендеуіне аянбай тер төгіп жүрген Ел ағалары қуанышты бөлісіп келіп отыр. Ендеше ақ тілек төріне қадірлі қонақтарымызды шақыруға рұқсат етіңіздер!
Тағаның қадірін тұяқ білер, тұяқтың қадірін тұлпар, тұлпардың қадірін ер, ер қадірін ел білер демекші, қадірлерін ел білген ағаларымыз бен, көңілі күндей нұрлы, көздері шуақтай мейірімді, табиғаты көктемге тән жаратылған нәзік жанды жеңгелерімізді ақ тілек төріне шақырсақ.
«Осы кісілердің тілегіне шапалақ ұрмаған жандардың сүйгені сағынбасын, іздегені табылмасын, кредиті жабылмасын! Ал шапалақ ұрғандардың сүйгені сағынсын, іздегені табылсын, алған Каспийдегі, Халықтағы, Хоум кредиттегі т.б. кредиті жабылсын!»
НАҒАШЫ
Әйелімді сыйлаймын ақ сүт берген балама,
Нағашымды сыйлаймын ақ сүт берген анама – демекші...
Жиен десе нағашының қашанда мәрттігі мен пәктігі қосарланып қозып тұрады.
Биікке шықсаң көзің ашылар
Жақсыменен сөйлессең көңілің ашылар
Қуанышта осындай әрдайым табылатын нағашылар – деп
ақ тілек төріне нағашыларды шақырайық.
Бастарыңыздан бақ кетпесін,
Астарыңыздан тақ кетпесін.
Алып келген конверт болса,
Қалталарыңызда қап кетсін.
Ескі ҚҰДА
Қазақтың кілең қаймақ сөздері «Қ» әріпінен басталады.
Мәселен: - Қазақстан, Қонаев, Қалдаяқов астың дәмдісі қазы, қарта, сусынның дәмдісі қымыз, қымыран, адамның сыйлысы қыз қырқын, қонақтың сыйлысы құда құдағилар депті.
Шәкең айтпақшы Қ әріпінен басталатын құрметті көз көрген құда құдағиларды ақ тілек төріне шақырамыз!
Құда болғанша құлы биін сұрас
Құда болған соң құлда болса сыйлас.
Құдалар өрлеңіздер төрімізге
Қарап тұр екі рулы ел бәрі бізге
Жетейік кәрілікке сыннан өтіп
Сыйластық қалсын мәңгі әрімізде.
Достарыңызбен бөлісу: |