» Күнәділов Мақсат - «Көркем мінез – көркіміз»
15 маусым, 2010 16:15 | МҮШАЙРА
Дараның қай кезде де даңқы басым,
Жігіттер жаман іске талпынасың.
Адал ұл ел тірегі емес пе еді?
Ертпегін жаныңа сөз, артыңа сын.
Бұл халық өз ұлынан ұлы іс күткен,
Жасасаң игілікті дұрыс тіптен.
Мойынсұнып Аллаға бас иейік,
Бейбіт өмір кешейік тыныштықпен.
Нәпсіңді тыйсаң жанның алтынысың,
Болады ертеңгілік жарқын ісің.
Адамның санатына қосыласың,
Іс етсең мынау туған халқың үшін.
Алла өзі демеу болар қиналғанға,
Ессізде ұят, намыс, иман бар ма?
Жақсы мінез бұйырмас кез - келгенге,
Бұйырар өз нәпсісін тыйған жанға.
Біреу жүрер жымиып, бал - бұл жанып,
Түсінгендей өмірді, тағдырды анық.
Асылын төбесіне көтеретін,
Елміз ғой бөтен ойға қаңғырмалық.
Өмірде надан да өтер, дара да өтер,
Адамға берілмейді сана бекер.
Алла өзі жаратқан құлдарынан,
Таза, адал болуды талап етер.
Сондықтан көркем мінез пайымдайық,
Бар ма екен сөзімде мін, ойымда айып.
Әр пенде мінезімен сыйлы ортаға,
Алланың бар екенін мойындайық.
Болыңдар адамдыққа лайым лайық,
Ізгіліктен өзгеге бой ұрмайық.
Жан сырын бұл ғаламның шертеді көш,
Өмір - ол қиял емес, ертегі емес.
Өмір ол - шындық, сұмдық құбылысы,
Ойнайсың сенде оны ертелі кеш.
Иманды ұл күдіктенбес ертеңіне еш.
Алла жанның дарынын тұсатпайды,
Біреуге ар, біреуге нысап қайғы.
Қарын, көз бола алмас жанға тірек,
Ақылсыз қу тізесін құшақтайды.
Болса егер жүрек ізгі, сезім берік,
Қашан да жалғасады төзімге үміт.
Ертеңің ашық болар ой ойласаң,
Қадам бас қиындықтың өзінде нық,
Сабақ ал бұл өмірді көзің көріп.
Ар, ұят, намыс, әдеп жан азығы,
Алшақтау тән байлықтан ара жігі.
Ибалы ару әдемі өзге қыздан,
Иманды ұлға құран мен намаз ұлы.
Қызықпас қайбір пенде ибалыға,
Келсе егер тура ақылы иманына.
Бір Алла бәрімізге өмір сүру,
Бақытын шексіз етіп сыйлады да.
Жүретін дәулет нәрсе елес болып,
Жүрмейік мансапты шың, белес көріп.
Ойсызға ақыл қанат бола алмайды,
Құмарлық, нәпсімізбен кеңеспелік.
Заман тұр өзге көшке аңсары ауып,
Бар екен қанша үміт, қанша қауіп?
Үйретер дегеніне ол кез - келгенді,
Алдап, тәтті қиялмен қоршап алып.
Сана тұрар ақылдан, тұшымды ойдан,
Бұл күні дін де, тіл де күшін жойған.
Рухсыз ел - тамырсыз тал емес пе еді?
Өзіне «мәңгүрт» атты мүсін қойған.
Көңілге жебеу болар моншақты жыр,
Иманды, ізгі жанды қоршапты нұр.
Үлгі етіп Мұхаммедтің асыл жолын,
Дұрыс - ақ адамдыққа болсақ тұғыр.
Халыққа қарамайық бөле жарып,
Жүрейік ұлылардан өнеге алып.
Өмір - теңіз теңізде жүзіп барат,
Көш соңында рухани кеме қалып.
Зиялы тұлға үшін елін сүйер,
Адамдық саналады терең, анық.
Ойымыз арқау болып тұрса жырға,
Батпас та едік қатты мұнша мұңға.
Көркем мінез - жемісі рухи күштің,
Қасиет дариды ана құрсағында.
Өмірің жақсылықпен өтсе мейлі,
Жаманды қараңғылық өкшелейді.
Адал ұл үміт артар адамдыққа,
Иманды ұл қарын қамын көксемейді.
Бір нәрседен тұрмайды десек те жер,
Әр адам өз ісіне есеп берер.
Надандықтың үлгісі боласың шын,
Жаның қатты құмартса өсекке егер.
Сырғып дәурен барады, құм көшеді,
Ізгі адам бақытты боп күн кешеді.
Мінез, қылық, қасиет бәрі, бәрі,
Рухани әлемменен үндеседі.
Жүрегің жақын болса мұратыңа,
Көңілің бір алламен тілдеседі.
Дұрыс мінез әркімнің шамшырағы,
Ол да сенің жаныңмен бірге өседі.
Адамға бақыт, қайғы бөлінер тең,
Ойсыздық кім - кімді де көріне ертер.
Парызыңды орында бауырларым,
Бүгін өмір күтеді өлім ертең.
Жан айнасы саналар көркем қылық,
Рухи байлық бақытың ертеңгілік.
Дәстүріңді ұмытпа, ата салтын,
Жүре бергін ойыңды желкен қылып.
Адал ғұмыр Алладан жиі өтінген,
Кемеңгер бол толғамын түйетін кең.
Таза болсын пейілің қалағаның,
Адамдығың көрінер ниетіңнен.
Алла білер ойыңды жасыр мейлі,
Еңбекқор еңбегінің асын жейді.
Тәрбие дұрыс болса - мінез жақсы,
Алланың шын құлдарын асыл дейді.
Жаман жүрер ойында күйе қалқып,
Жаратқан өз құлдарын сүйеді артық.
Дұрыс мінез тірегің болсын мәңгі,
Өмір сүр ақылыңа иек артып.
Имансызға ұят, ар қонбас бірақ,
Ақылсыз ұл еліне болмас шырақ.
Тәрбие - отбасының діңгегі екен,
Ибалы қыз әдебін жолдас қылат.
Ойлы жас бірін - бірі жақын тартар,
Өнерлі жас ортада молдас құрат.
Кей ұрпақ надандарды үлгі етеді,
Ойсыздық адам жанын кірлетеді.
Иманды ұлдың фәниде бар өмірі,
Құран, намаз, Алламен бірге өтеді.
Намыстан жырақ қалған қызымыз бар,
Жабылмай жүретұғын күнде етегі.
Халықты адамдыққа жақындату,
Зиялы тұлғалардың міндеті еді.
Міндет деп ұғынбаған зиялы жүр,
Аса алмай былық істен күнде етері.
Осындай надандардың дәуренінде,
Сөздері ақындардың кімге өтеді.
Халықтың сенім артқан тірегіне,
Баланың ойынының бұл не теңі?
Еліне тіреу болам дегендердің,
Өмірі құзда емес шыңда өтеді.
Жүрміз ғой бұл қорлыққа әрең шыдап,
Жүректен жасып, жылап өлең шығат.
Аралап қайтам кейде ой әлемін,
Сөйтем де өзді-өзімнен көрем сұрап.
Адамға иман міндет артылатын,
Иман ол - бұлақ тұнған терең суат.
Жатса да ұлылықтың нұры тайып,
Көңілді құранменен жылытайық.
«Бисмилла» мәңгілікке ұран болсын,
Батыстың былығын біз ұмытайық.
Болмайды таңдаулы жыр, таңдаулы өлең,
Көңілің көкке ұшпаса самғауменен.
Көркем мінез адамның жан байлығы,
Біреуді үлкен күнә алдау деген.
Сор болар, бақ болмасы керек сірә,
Тапқан нан жұртшылықты арбауменен.
Ойлы ұлдың мектеп, мешіт шын тұрағы,
Болар бала биікке ұмтылады.
Әр батырдың қорғаны емес пе елі?
Ізгі ұлдардың тірегі - жұрты, бағы.
Қуанар өзгеше үнге жарылардай,
Кірді жас басқа дінге танып алмай.
Рухани егемендік - басты елдік,
Қазақтың соры қандай, бағы қандай?
Ақылсыздың күні өтер сақ-сақ күліп,
Тындырар надан елді ақсақ қылып.
Бұрынғы ұлылардың дәуірі өткен,
Қоғамға үлгі болар тапшы - ақ қылық.
Ертеңіне ұмытар баба сөзін,
Құйсаң да құлағына қақсап тұрып.
Жастар мынау Аллаға бас июді,
Алдарына қоймаған мақсат қылып.
Бұл өмірдің төлемі уақыт десет,
Иманың, ой, ақылың жақұт кесек.
Ізгілікке өлшем жоқ тең келетін,
Қойылмайды ешқашан бақытқа шек.
Бойында алуан жайттың сан мың дерті,
Өмір ол емес қаған, ханның да еркі.
Бұл қоғамға қажет - ақ әдептілік,
Көркем мінез қашан да жанның көркі.
Күнәділов Мақсат Қалысұлы.
ОҚО, Отырар ауданы,
«Шеңгелді» орта мектебінің 10 - сынып оқушысы.
Достарыңызбен бөлісу: |