Жайық негізгі КММ-сі
Тақырыбы:
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»
7,9 сынып.
2019 жыл
Тақырыбы: «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
1- жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
1 қазан қариялар мерекесіне арналған «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қариялар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1- жүргізуші:Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
2- жүргізуші:
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Олай болса бүгінгі шарамызды Арыстанғали Шұғыланың орындауындағы «....................» әнімен ашамыз.
1- жүргізуші:
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагерлеріне сөз береміз.
2- жүргізуші:
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
7 сынып оқушыларының орындауында әдеби монтаж.
1- жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер
9 сынып қыздарының орындауында би.
2- жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
9 сынып оқушысы Сансызбаева Светлананың орындауында «.................» әнін қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші:Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Бейне материал тамашалаңыздар.
Оқушылар осы бейнематериалды көру барысында не түйдіңіздер.
2- жүргізуші:
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз!
жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді барлығымыз «Аяулы ана» әнімен қорытындылайық.
Достарыңызбен бөлісу: |