«Жырымен жұртын оятқан»



Дата22.11.2016
өлшемі109,08 Kb.
#2333
«Жырымен жұртын оятқан»

ақын Мағжан Жұмабаевтың 120 жасқа толуына арналған

көркемсөз мерекесінің сценарийі

Мақсаты: Ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, рухы биік, таланты тегеурінді біртума тұлғаның биік рухына тағзым ету, жастардың бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіңіре отырып, қазақстандық патриотизмге, білікті де білімді жастарды тәрбиелеу; сондай-ақ жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау.

Қабырғада Елбасының сөзі:



Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі сәулесі – мәңгі сөнбес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!

Н. Назарбаев


«М. Жұмабаевты мен өзіндік ерекше, табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да.

Сайфи Құдаш
«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі»

М.Әуезов
«Жырымен жұртын оятқан» кітап көрмесі
1 жүргізуші

Армысыздар, құрметті жыр сүйер қауым! Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын Мағжан Жұмабаевқа арналған «Жырымен жұртын оятқан» атты көркем сөз мерекесіне хош келдіңіздер!

Қазақ поэзиясында сыршылдығы мен сыры мол, поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын, өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын Мағжан Жұмабаев - 120 жасқа келді. Оның ұлттық поэзиядағы алатын орны ерекше.

Тума талант иелері қашан да өз ұлтының тыныс-тіршілігімен тамырласа өмір кешеді, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға қосады, ғасырлық ата тарихымызды өздерінің ой-парасатымен, жүрегімен қорғай жүреді. Халқының өмір тынысын, ой-қиялын келер ұрпаққа аманат етіп қалдырған көркемсөз зергерлеріне ризашылықпен қарау – парызымыз. Заман шындығын шығармаларына арқау етіп халық көңіліне етене ұялаған, тағдыры тартысқа толы Мағжан ақынның есімі де мәңгілік өмір сүрері анық.

2 жүргізуші

Мағжан Жұмабаев - қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстана отырып, оны түрлендіре байытқан, адам жанының сұлулығы мен сыр-сымбатын жырлаған, осылайша қалың оқырманның жүрегіне жол ашқан халқының білікті де парасатты ақыны. Өлмес өлең туғызып, артына өшпес із қалдырған осы бір Мағжан сынды ғажайып ақынның әруақты жырына тағзым еткен абзал.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.  Мағжан Жұмабаев -Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі.

1 жүргізуші

Бүкіл өлеңімен, өмірімен халқына жан сала қызмет етіп, Алаш еркіндігі мен тәуелсіздігін талмай жырлап өткен Мағжанның ақындық әлемі мен қаламгерлік қуат-қарымы жайлы айтылған ұлағатты сөздер көп.

Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі сәулесі – мәңгі сөнбес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» деп жазды Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.

Иә, қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтеріп, сұлу да сырлы жырларымен ұлтымыздың ұлы ақынына айналған поэзия пайғамбарын қалай ұлықтасақ та жарасады. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды.

«...Күншығыстан бір пайғамбар күтеді» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай, аға буын жас толқыннан жаңалық, тың, тосын дүниелер күтеді. Осы мақсатта жан-жақты ізденіс үстіндегі жастардың әдебиетке деген ынта-ықыласы күннен күнге өсіп келе жатқанына қуанамыз, ал бүгінгі мереке осыған дәлел.

ІІ жүргізуші: Олай болса, құрметті қатысушылар, оқырмандар, Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Жырымен жұртын оятқан» көркем сөз мерекесін бастаймыз!

Бүгінгі мерекемеміз ІІІ бөлімнен тұрады:

1. Жас ақындардың сахнада Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқуы.

2. Қатысушы ақын туралы өз туындысын  немесе ақын- жазушылардың ақынға арналған арнау -өлеңдерін мәнерлеп оқуы

3. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы реферат жазу (үй тапсырмасы)

ІІ жұргізуші: Сонымен, сахна төріне қала мектептерінің жас ақындарын шақырамыз!

(музыка ойнайды)

1. №2 Абай атындағы лицей 7 сынып оқушысы Асылханова Айдана

2. Лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектебінің 7в сынып оқушысы Жақсыбергенов Ануар

3. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп –гимназиясынан Атығұл Айгерім 6 сынып оқушысы

4. №15 мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрасылова Камшат

5. №9 орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушысы Асылханова Алина

6. №18 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 8 «В» сынып оқушысы Бакирова Сымбат

7. №3 мектеп интернатынан Оңғарбекова Жанар 7 сынып оқушысы

8. №3 мектеп интернатынан Әбдуалиев Нұрдәулет 6 сынып оқушысы

9. №3 мектеп интернатының 6 «А» сынып оқушысы Махаббат Айбол

Мерекенің құрметіне Оқушылар Сарайынан Күй
І жүргізуші

Қазақта «Туған жер – алтын бесік» деген аса татымды мақал бар. Үңіліп көрсең, дүниеге шыр етіп түскенде-ақ бауырына алып, ана әлдиімен тербетілген тал бесіктен ыстық не бар? Туған жердің көкорай шалғыны мен саф ауасын, сырға толы, сыңғырға бай мөлдір бұлағын, бала қиялыңды қияға шарықтатқан шыңдарын қар басқан тауларын сол алтын бесікке теңеу орынды да.

ІІ жүргізуші

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,

Бетінде күннің нұры балқыған көл.

Жарысып саф күмістей ақ көбігің,

Мап-майда мөлдіріңде балқыған көл, - деп басталатын өлеңде тек табиғаттың көркем суреті ғана емес, сол сұлу көлдің думанға толы тіршілігі мен тылсым табиғат аясындағы көлді жағалаған ғашық жандардың алаулы сезімі де бар.

Кезекті Мағжан жырларына берейік

Осымен бірінші кезең өз мәресіне жетті. Сіздердің назарларыңызға Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына байланысты флеш-галерея ұсынамыз.

І жүргізуші:

2 кезең «Ақынға арнау деп аталады», яғни ақын- жазушылардың ақынға арнаған немесе жас ақындардың өз шығармашылығынан өлеңдерін мәнерлеп оқу.

2 кезең басталады

ІІ жүргізуші:

Арыстандай айбатты, 


Жолбарыстай қайратты - 
Қырандай күшті қанатты. 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 

Осылайша жырлаған Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрсе де, ХХІ ғасырда да мемлекеттің болашағы жас­тар қолында болатынын білсе керек. Енді, балалар, Мағжан шығармашылығы мен өміріне байланысты алдарыңдағы тест жауап іздейік!

Көрермендермен ойын
Тест сұрақтары

Начало формы


  1. «Абай – ақылдың ақыны. Ал, Мағжан – ақынның ақыны. Мағжан ақын ретінде Абайдан күштірек. Біз Мағжаннан үйренуіміз керек», деген кімнің сөзі?

 М.Дулатов
 М.Әуезов
 С.Мұқанов
 Ж.Аймауытов
2) 1936 ж. Карелия лагерінен Мағжан кімнің көмегімен босап шығады?

 М.Горький


 А.Байтұрсынов
 В.Брюсов
1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады
3) 1925 ж. Мәскеудегі ақындар кафесі «Пырақ атқорасында» Мағжан кіммен кездеседі?

 Д.Мережковский


 О.Мандельштам
 С.Есенин
Астананың ақын-жазушылары уақыттарының көбін «Пырақ атқорасы» секілді кафе ресторандарда өткізетін. Сонда Есенинмен танысады

4) Мағжан туралы түрікше кітап жазып, оның есімін Түркияға танытқан кім?

 Х.Махмұдов
 Х.Абдуллин
 Х.Оралтай
 Ш.Елеукенов
түрік әлеміне танымал тарихшы-ғалым, жазушы-журналист Хасан Оралтай еді.

5) Қызылжарда Мағжанға орыс тілінен дәріс оқыған ақын-жазушы, журналист.

 С.Сейфуллин
 Ә.Бөкейханов
 М.Дулатов
6) Ақын Мағжан ресми түрде қай жылы ақталды?

 1962
 1988


 1960
 1991
1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен Жұмабайұлы толығымен, біржола ақталды.
7) Ең алғашқы өлең жинағы?

 «Тоқсанның тобы»


 «Шолпан»
 «Оян, қазақ!»
1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.
8) «Қазақтың Пушкині» деп жоғары баға берген кім?
 М.Горький
 В.Брюсов
 М.Светлов
Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түскенде институтты орыс әдебиетінің аса көрнекті өкілі, кейін Мағжан поэзиясын өте жоғары бағалап, оны қазақтың Пушкині атаған Валерий Брюсов басқаратын.

9) Қиын қыстау, қуғын-сүргін кезеңінде ақынмен болған адал жары?

 Зейнеп
 Гүлсім
 Зылиха
 Нұржәмилa
жары Зылиха Құрманбайқызы жазықсыздан-жазықсыз түрмеге қамалған күйеуінің жоқтаушысы, жанашыры бола білді, кейін әдеби мұрасының шырақшысына айналды

Ақынның адал жары болған Зылиқа Мағжанның басына түскен барлық ауыртпалықты оқып жүрген кезінде де, қуғын-сүргінге ұшыраған тұста да, лагерьде айдауда болған жылдары да онымен бірге бөлісіп өтті. Жұрт оны «Қазақтың декабрист келіншегі» деп бекер атамаған болатын. Ол өзінің сүйген жарына өмір бойы мейлінше берілген адалдықтың үлгісін көрсетіп өтті.
10) Орынборда шыққан М.Жұмабаевтың үлкен ғылыми еңбегі?

 «Бала тәрбиелеу жолдары»


«Педагогика»
 «Сауатты бол»
Мектеп оқушыларына , мұғалімдерге арнап «Педагогика»(1922,1923)Конец формы
Начало формы

11. Оның қандай поэмалары бар?
Мағжан қаламынан  "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі"  сияқты бірнеше тамаша поэмалары бар. 
12. М.Жұмабаев қай жерде дүниеге келген?
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған.


13. Мағжан Жұмабаев қай жылы ату жазасына кесілді?
қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп, жазықсыздан -жазықсыз 1938 жылы 19 наурызда атылып кетеді. Өзі ғана емес, ағалары Мүсілім, Қаһарман, інісі Мұқаметжан да репрессия отына шалынады

 “Халық жауы” деп қайта сотталып, 1938 жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі. …


Көрмеге шолу

Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Марапаттау сәті.



І жүргізуші:

“Тау алыстаған сайын айқындала береді” дегендей, араға жылдар салып, «кейде айбынды асқақ сөз айтқан», кейде «жүректі қытықтап, тереңнен суырған» (Ж.Аймауытов) ғажайып сыршыл ақын Мағжанды еске алғанда, оның әсемдік әлемін айғақтаған сұлу жырларының, М.Әуезовше айтқанда, «жарқыраған әшекей» екендігіне, қазақ поэзиясының нәрлісі, ең бір сәулелісі екендігіне көзіміз жете түсері хақ.


Міне, ақын өлеңдерінен бастау алған жас ақындар өз бойларынан шыққан жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқығандары көпшіліктің көңіл төрінен шығып жатыр.Әрине, бүгінгі күні өрелі сөздер мен талғамды идеяға толы шумақтар болғанын да айта кету керек. Ол үшін қаламыздың мектеп басшыларына, ақындарды дайындаған мектеп ұстаздарына алғысымызды айтамыз.
Осымен қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 120 жасқа толуына арналған көркем сөз мерекесі өз мәресіне жетті. Жүлделеріңіз құтты болсын. Әрдайым биік шыңдардан көріне беріңдер!

Мерекеміздің өтуіне атсалысқан барлықтарыңызға ризашылығымызды білдіреміз! Сау саламатта болыңыздар!

Пайданылған әдебиеттер:

1.Алаштың ардағы Астана руханият. [Мәтін]: Елтанымдық және тілтанымдық жинақ -2010.-264 бб.

2.Балалар энциклопедиясы 1 том.- А: Қазақ энциклопедиясы.-2008.-296 бб

3.Қойгелдиев, М. Алаш қозғалысы 1 том А: Мектеп, 2008.-480 бб

4. Тарихи тұлғалар. [Мәтін] Алматы: Алматыкітап ЖШС, 2005.-368 бб

5.Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін]: анықтамалық.-А: Ана тілі.-2004.-392 бб



6. Абдрахманов, С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды 1 отом [Мәтін] : қазақ поэзиясының антологиясы.-А: Раритет.-2007.-504 бб

7.Ғаламтор

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет