І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұн



бет1/3
Дата10.03.2017
өлшемі0,64 Mb.
#11245
  1   2   3
Мазмұны

Кіріспе


І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны.

1.1. Экологиялық білім мазмұны мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері.

1.2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтаушы факторлар.

1.3. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар.

ІІ тарау. Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері.

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейлері.

2.2. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.

Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1, 2, 3/.

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар – «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т.б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:



  1. Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;

  2. Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

  3. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мына сызба бойынша нақты координацияны жүзеге асыру керек: отбасы – бала бақша – мектеп – жоғары білім беру – мамандарды қайта дайындау – халыққа жаппай экологиялық білім беру.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты – экологиялық білімдердің біртұтастығы, табиғатқа оң эмоционалды – бағалық қатынас және қоршаған табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа стилін қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбегейлі жаңа технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде қоғамның интеллектуалды потенциалын арттыру құралы ретінде қарау қажет /4/.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» отандық білім саласында соңғы жылдары қордаланып қалған басқа да көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында халықтың денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде – таза (сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың болашағы болып табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты өмір сүруді жақтайтын және сау табиғи ортада өмір сүретін жас ұрпаққа үміт артады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда.

Сондықтан, ең көп халықты қамтитын білім беру сатысы – жалпы білім беретін мектептің міндеті-дүниеде қауіпсіз және бақытты өмір сүріп, жержегі барлық тіршілік түрлері үшін жауапты физикалық және адамгершілік тұрғысынан сау адамды, Республиканың, планетаның толық қанды азаматын тәрбиелеу болып табылады. Аталған проблемаларға байланысты біз дипломдық жұмыс тақырыбын төмендегіше таңдадық:

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетін қалыптастырушы фактор ретінде қала жағдайындағы экологиялық білім мен тәрбие мазмұнына сараптама жасау.

Зерттеу міндеттері: Экологиялық тәрбиенің қазіргі кездегі тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерін көрсету.

Зерттеу жұмысының нысаны: Қала мектептеріндегі экологиялық білім мен тәрбие процесі.

Зерттеу әдістері: а) Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, талдау;

ә) Озат іс-тәжірибелерді жинақтау, талдау;

б) Бақылау, анкета, әңгіме.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың мақсат-міндеттері айқындалды, зерттеу әдістері таңдап алынып, оқыту объектісі, пәні көрсетілді.

Бірінші тарауда экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері, педагогикалық тұрғыдан жан-жақты сипатталды.

Екінші тарауда Шымкент қаласының мектептеріндегі экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың әдістемелік жолдары көрсетілді, мектептерден мысалдар келтірілді.

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ МАЗМҰНЫ



1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері мен міндеттері.

Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.

Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, бастауыш мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен /5, 6, 7/.

Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді.

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің көпжақтылығы экологиялық білімнің комплекстілігін анықтайды. Жалпы әдістемелік және теориялық қағидалар экологиялық білім берудің төменгі принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:


  1. Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық тұрғыдан қарау, әр пәннің жалпы экологиялық білім беру жүйесіндегі қызметін, пәнаралық байланыстарды анықтау мен оларды қамтамасыз етуді талап етеді. Экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстарды анықтау әр түрлі оқу пәндерінде оқытылатын, экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін, заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау мен тереңдетуге пайдалану керек.

  2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға экологиялық материалды оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі.

Қоршаған орта мәселелері бойынша білім берудің мақсаты мен міндеттерін орындау мазмұн жүйесін, оқу-тәрбие процесінің әдістерімен ұйымдастыру түрлерін жасауды талап етеді. Осы тұрғыдан қарау кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық білімдерінде ақтаңдақтарды болдырмауға экологиялық өзара қарым-қатынастардың әр алуан түрлерінің белгілі бір уақыттың және кеңістік шекараларында бірқалыпты оқытуға, аталған байланыстардың биологиялық жүйелердің әр түрлі деңгейлеріндегі динамикасын оқушыға көрсету мүмкіндік береді. Жүйелеу принципі экологиялық білім беруді алуан түрлі білім беру көздері мен ақпараттық құралдардың үйлесімділігінің негізінде құруды талап етеді.

  1. Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен сауықтыруға бағытталған оқушының әрекетіндегі интеллектуалды және сезімдік-қаржылық негіздердің бірлігі.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің бұл принципі табиғатпен тікелей қатынасы есепке ала отырып рационалды танымды көркемдік-образдық таныммен үйлестіруді талап етеді. Бұл принципті бағаламау не таза интеллектуализмге, не есепке негізделген практизмге әкелуі мүмкін.

Практикалық қызметтегі, рационалдық пен эмоционалдықтың арасындағы байланыс динамикалық және көпжақты болып табылады. Егер оқушы тірі және өлі табиғаттағы объектілердің арасындағы заңды байланыстыра білсе, экологиялық жүйелердегі үйлесімдіктің әсемдігін сезіне білсе, онда оның әрекеті де табиғатты сақтау, оны бұзылудан қорғауға бағытталады.



  1. Оқу процесінде экологиялық мәселелердің ғаламдық, ұлттық және өлкетану байланыстарының ашылуы.

Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны қорғауда жергілікті (өлкетану), аймақтық, ұлттық және ғаламдық байланыстар мәселелерінің ашылып көрсетілуіне ерекше назар аударылған. Бұл дегеніміз, мысалы, белгілі бір жердегі адамның табиғатқа әсерінің нақты фактісі, оң және теріс болса да, осы әсердің нәтижелерін бағалау жалпы мемлекеттік тұрғыдан бірлікте қарастырылады. Нәтижеде оқушылардың көзқарасының жүйесінде қоршаған орта мәселелерінің мемлекеттік шекарасы болмайтындығы және қандай-да бір әкімшілік – территориялық бөлуге келмейтіндігі себепті ғаламдық сипат алатыны туралы ұғым қалыптасады. Сондықтан қоршаған ортаның көптеген мәселелерін тек халықаралық бірлескен іс-әрекеттер жолымен ғана тиімді шешуге болады /4/.

Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:



  1. Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;

  2. Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:

  3. Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:

  4. Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік – эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;

  5. Табиғатта өзін ұстау ережелерін саналы түрде сақтау арқылы табиғатқа зиян келтірмеу, ластамау не қоршаған ортаны бұзбау;

  6. Қоршаған табиғи және өзгертілген ортаны сауықтыруға бағытталған іс-әрекетті активтендіру, қазіргі заманғы табиғат қорғау идеяларын насихаттауға қатысу.

ҚР экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында тұжырымдалған мақсат, принцип пен міндеттер оқушыларға білім мен тәрбие беру процесімен байланысты процестерді ұйымдастыру, формаларын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын жасауда маңызды рөл атқарады /4/.

1.2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтаушы факторлар

Экологиялық білім берудің мазмұны оқушының қоршаған ортамен өзара әсерінің құрылымын қарастыруды талап етеді.

Бұл құрылымды сараптау «оқушы – табиғи орта» жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Бастауыш сынып оқушысы табиғи ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Экологиялық білімнің мазмұнын қалыптастыру тұрғысынан алғанда аталған бірлікті мына сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады (сызбанұсқа 1).



Берілген жағдайда экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:

  1. Оқушы, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;

  2. Табиғи орта;

  3. Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін оқушы мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты.

Бастауыш мектеп оқушысының жеке басының мінездемесін анықтауда, «оқушы – табиғи орта» жүйесіндегі біржақты байланысқа назар аударамыз.

«Табиғи орта – оқушы» байланысы немесе табиғи орта оқушыға не береді, табиғатты оқушы қалай пайдаланады. Бұл байланысты сипаттай келе, мынаны бөліп көрсетуге болады:

а) сауықтыру аспектісі – табиғатты өзінің денсаулығын жақсартуда пайдалану;

б) рухани аспектісі – табиғатты эстетикалық, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану;

в) материалдық аспект – саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер жинау, үй жануарларына азық дайындау және т.б.

Аталған экологиялық байланысты көрсететін оқушының жеке басының сапаларын табиғатты адамның материалдық интеллектуалдық және физикалық дамуы, денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануға дайындық ретінде сипаттауға болады.

«Оқушы – табиғи орта» байланысы немесе оқушының табиғи ортаға әсері қандай. Оқушының қоршаған ортаға қатысты іс-әрекеті:

а) нейтралды;

б) орта жағдайын жақсарту не сақтауға бағытталған;

в) орта жағдайын нашарлату түрінде болуы мүмкін.

Қоғамдық қажеттілік тұрғысынан аталған саладағы оқушының жеке басының мінездемесін – табиғи ортаны қорғау мен жақсарту, табиғатты пайдалану ережелерін орындауға дайындық түрінде анықтауға болады /6/.

Автотранспорттың санының артуы, қала ортасының ластануы мен ауаның газдануына әкеледі. Аталған және басқа ластану факторлары қоршаған табиғи ортаны бұзып, қоршаған ортаға экологиялық қысым түсіреді.

Мұндай жағдайда дені сау ұрпақ өсіру мүмкін емес.

Оқушылар арсында тыныс алу мүшелерінің ауруы ең жиі кездесетін аурулар түріне жатады (70% астам) әсіресе ОРЗ, ангина, ларингит, тұмау, отит, аллергиялық аурулар. Аурулардың жалпы санының 20% астамын инфекциялық аурулар құрайды: дәрі-дәрмектерге аллергия, эксудативті диатез және т.б. Ең жиі кездесетіндер ветрянка (инфекциялық аурулардың 80%). Зәр – жыныс жүйесінің мүшелерінің ауруы 10% құрайды.

Сондықтан жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеті оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, балаларға табиғатты жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Қала жағдайында демалыс бақтарын есептемегенде іс-жүзінде таза табиғи орта жоқ деуге болады. Сондықтан педагогикалық процессте экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтауда балалардың қала сыртына, табиғатқа жорықтары міндетті түрде жоспарлануы тиіс.

Шет елдерде балалардың, ата-аналарымен бірге әр аптада қала сыртына шығып демалуы жолға қойылған. Бұл табиғаттың күшті сауықтырушы фактор екендігін ескерсек олардың денсаулықтарын нығайтуына мүмкіндік береді.

2. Оқушы арқылы мұғалім табиғатпен өзара қарым-қатынаста болады. Өзара қатынастың бұл формасы маңызды болып табылады, себебі ол оқушының табиғатпен қарым-қатынасының кәсіптік аспектісін көрсетеді. Өзара қарым-қатынастың осы формасының тиімділігін арттыру табиғи ортаның сапасын жақсарту мен оны сақтауға үлес қосуы тиіс.

Бұл жүйе тек экологиялық қана емес, педагогикалық болады. Білім беру мазмұны тұрғысынан қарағанда бұл бірлікті төмендегі 2 сызбанұсқа түрінде көруге болады:



Сызбанұсқа 2.

Берілген жағдайда экологиялық білім мазмұнын қалыптастырушы факторлар мыналар:

1) Мұғалім, оған қажетті жеке басының мінездемесі;

2) «Оқушылар – табиғи орта» жүйе тармағы;

3) «Оқушылар – табиғи орта» жүйе тармағының қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мұғаліммен өзара қатынасының сипаты.

Бұл жүйеде бізді «оқушылар – табиғи орта» жүйе тармағына мұғалімнің әсерін сипаттайтын байланыс қызықтырады. Берілген жағдайда мұғалімнің қызметі болашақ табиғатты пайдаланушыларда, табиғатпен экологиялық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынастарға дайындықты қамтамасыз ететін сапаларды қалыптастыру. Мұндай сапаларды қалыптастыру – бұл экологиялық тәрбие беру процесі болып табылады /8/.

Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру үшін, мұғалімнің өзінің табиғатпен қатынасы білікті болуы керек. Оқушының табиғатпен қатынасының тиімділігін арттырудағы қоғамдық қажеттілікпен байланысты факторларды сараптау экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастыру саласындағы негізгі қорытындыға әкеледі: бұл мазмұн оқушыларға тиімді экологиялық тәрбие беру мұғалімнің білімнің мазмұны және оның табиғатпен тиімді өзара қарым-қатынас арқылы бағытталуы тиіс /9/.

Бастауыш сыныпта оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие алуына отбасы зор әсер етеді. Отбасындағы табиғатты қорғау тәрбиесі – балаларда туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің негізі. Әр отбасының ересек мүшелері баланың алғашқы тәрбиелеушілері болып табылады. Ана сүтімен, әкенің күлкісімен, ата, әжелердің шексіз еркелетуімен бөбектің өміріне, жақындарына, үй-ішіне, қаласына, табиғаттың элементтеріне деген алғашқы сүйіспеншілік сезімі кіреді. Осы сүйіспеншілік кейін баланың саналы табиғи қорғау жұмысының негізі болып табылады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік туған үйінің босағасында қалыптасады. Мұнда ата-аналар ең маңызды рөл атқарады /10/.

Республикамызда осы бағытта бір қатар жұмыстар жүргізілуде, отбасындағы табиғат қорғау тәрбиесі бойынша материалдар жиналып, сарапталуда.

Республикада отбасылық табиғат қорғау мәселесі бойынша мына жұмыстар жоспарланып отыр:



  1. Балаларға берілетін отбасылық табиғат қорғау тәрбиесінің бағдарламасын әзірлеу;

  2. «Ата-аналары туған өлкенің табиғаты туралы» кітабын баспадан шығару.

  3. Отбасылық табиғат қорғау тәрбиесі бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені одан әрі зерттеу және тарату.

  4. Ата-аналарға арналған табиғат қорғау мазмұнындағы дидактикалық материалдар мен тақырыптық фильмдер жасау.

  5. Ата-аналарға арналған «Табиғат қорғау» университетін ұйымдастыру.

Жоғарыда қарастырылған факторлардың барлығы экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын анықтайды /11/.

3. Мектеп оқушыларының мәдениетіне, оларға экологиялық білім мен тәрбие беруге қоғам, қоршаған әлеуметтік ортасы әсер етеді. Ол белгілі бір дәрежеде адамның экологиялық мәдениетін анықтайды.

Оқушы табиғатпен басқа адамдар, «әлеуметтік топтар арқылы (сызбанұсқа 3) қарым-қатынас жасайды.

Сызбанұсқа 3.




Берілген жағдайда адамдар қоғамының қоршаған табиғи ортамен байланысы оқушыға, оның экологиялық ойлауын, мәдениеті мен мінез құлқының қалыптасуына әсер етеді.

Екінші жағынан бұл байланыс фактор ретінде білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтайды. Ал білімнің мазмұны өз кезегінде оқушының экологиялық дүниеге көзқарасына, оқушы мен қоғамның байланысына әсер етеді.

Қоғам оқушыға оның экологиялық біліміне әсер етуге дайын болуы тиіс /12/.

Жоғарыда аталған фаторлар мұғалім, білім мазмұны, қоршаған орта, отбасы, қоғам тең дәрежеде оқушыға экологиялық білім мен тәрбиесіне әсер етеді және оны анықтайды /13/.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет