Дәріс 4 Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Органикалық қосылыстар құрылысының теориялық негіздері және олардың реакцияға қабілеттілігін анықтаушы факторлар
Жоспар
1)Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
2) Органикалық қосылыстардың изомериясы және номенклатурасы.
3) Индуктивік және мезомерлік электрондық эффектілер.
4) Органикалық реакциялардың типтері мен механизмдері бойынша жіктелуі.
- көміртек атомының бір – бірімен жай немесе 2-3 еселенетін байланыстың болуы
Органикалық қосылыстардың негізі етіп көмірсутекті алады да, қалған қосылыстарды, олардың туындылары ретінде қарайды. Көміртек тізбегінің құрылысына қарай органикалық қосылыстар ашық тізбекті (алифаттық) және циклді (тұйық) қосылыстарға бөлінеді.

Ашық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: қаныққан көмірсутектер (формуласы СnH2n+2) және қанықпаған көмірсутектер (формуласы СnH2n, СnH2n-2 бұлардың құрамында қос, үш байланыстар болады).
Тұйық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: карбоциклді жәнегетероциклді.
Карбоциклді қосылыстардың тұйық тізбегі тек көміртегі атомынан тұрады және сонымен бірге алициклді және ароматты болып екіге бөлінеді.
Гетероциклді қосылыстардың тұйық тізбегі көміртегі мен сутегі атомдарымен қоса басқа да атомдардан құралады. Гетероциклді қосылыстар түзуге көбінесе азот, күкірт, оттегі атомдары қатысады.