Органикалық қосылыстар құрылысының теориялық негіздері және олардың реакцияға қабілеттілігін анықтаушы факторлар


(-I-M) (-I+M) Кейбір атом (топшалардың) электрондық әсерлері



бет7/7
Дата24.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182218
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ №4


(-I-M) (-I+M)

Кейбір атом (топшалардың) электрондық әсерлері


Топша

Электрондық әсер

индуктивті

мезомерлі

Алкил топшалары (R)

+I

-

-NH2; -NHR; -NR2

-I

+M

-OH

-I

+M

Алкокси топшасы (RO-)

-I

+M

Галогендер

-I

+M

-NO2

-I

-M

-COOH

-I

-M

-SO3H

-I

-M

>C=O

-I

-M

Субстрат және реагент

  • Құрамындағы көміртек атомының жаңа байланыстың түзілуі жүретін зат молекуласы, ереже бойынша субстрат (органикалық зат) деп аталады.
  • Реагент (бейорганикалық зат) субстратқа шабуыл жасайды.
  • Егер реакцияда екі органикалық зат болса, онда кезкелгенін субстрат деп атауға болады.

Субстраттың реакциялық орталығында заряды көп болған сайын, реация тезірек жүреді, заттың реакциялық қабілеттіліғі жоғары болады.

Органикалық реакцияның жіктелуі

  • Органикалық реакциялар бірнеше әдіспен жіктеледі:
  • соңғы нәтижесіне қарай және субстрат пен реагентте байланыстың өзгеруіне қарай
  • Соңғы нәтижесіне қарай жіктелуі:
  • 1) орын басу реакциялары (S)
  • 2) қосып алу реакциялары (А) және оларға қарама – қарсы бөліп шығару немесе элимендеу (Е) реакциялары
  • 3) қайта топтасу реакциясы
  • 4) тотығу және оларға кері тотықсыздану реакциялары.

Органикалық реакцияның жіктелуі

  • Субстрат пен реагенттегі байланыстардың сипаты бойынша жіктелуі
  • Субстратта байланыстың үзілуіне қарап барлық химиялық реакциялар радикалды және ионды болып бөлінуі мүмкін.
  • Жарықтың және радиоактивті сәуленің әсерінен, жоғары температурада үзілуге кіші полярланған (полярсыз) байланыстың (С—С, С—Н) түсуі кезінде, реакция радикалды механизм бойынша жүреді.
  • Ионды механизм, ереже бойынша, полярлы ковалентті байланыстардың үзілуі кезінде (С—галоген, С—О және т.б.).

Коваленттік байланыстың ыдырауы

  • Гомолититтік ыдырау
  • Радикалдық реакцияларда субстратта байланыс гомолиттік болып бөлінеді және осы кезде бос радикал түзіледі.
  • R : X R + X
  • Гетеролиттік ыдырау
  • Гетеролитті механизм бойынша, коваленттік байланыстың үзілуі кезде, электрон жұбын байланыстың бір атомы алып кетуі мүмкін. Гетеролиттік реакциялар электрофильді (E) және нуклеофильді (N) болуы мүмкін.
  • R : X R:- + X+

  • анион (N) катион (Е)

Электрофилді механизм

  • Егер субстраттың реакциялық орталығы электрон тығыздығы жоғары болса (-) (электронды жақсы көреді), ал реагент электрофил болса, онда реакция электрофилді механизм бойынша жүреді.
  • Электрофилді реагенттер :
  • толық оң зарядты – протон Н+, бром катионы Br+, нитроний катионы NO2+, карбкатион R3C+
  • электронейтралды күкірт триоксиді SO3
  • Электрофильді орын басу реакциялары (SЕ) ароматты қосылыстарға тән,
  • Электрофильді қосып алу реакциялары (АЕ) қанықпаған көмірсутектеріне тән.

Нуклеофильді механизм

  • Субстраттың реакциялық орталығында ішінара оң заряд (+) пайда болғанда, реакция нуклеофильді механизм бойынша жүреді.
  • Нуклеофильді реагенттер (ядроны жақсы көреді) сыртқы электрон қабатында жұп электроны бар бөлшектер. Осы электрон жұбы арқылы жаңа ковалентік байланыс тұзе алады.
  • Олар теріс зарядты (гидроксид ионы ОН-, гидрид ионы Н-, хлорид ионы Cl-)
  • немесе электронейтралды (H2O, NH3, R–NH2) болуы мүмкін.
  • Спирттерге, галогентуындыларына және карбон қышқылдарына нуклеофильді орын басу (SN), ал альдегидтер мен кетондарға нуклеофильді қосып алу (АN) реакциялары тән.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет