1. Табиғи және әлеуметтік факторлардың адам бойындағы біртұтастығы: «ағза», «тұлға», «даралық» ұғымдары



Дата24.09.2023
өлшемі37,92 Kb.
#182236
Байланысты:
2 апта практикалық сабақ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Тақырыбы: Жеке дара айырмашылықтардың психофизиологиялық негіздері

Орындаған:Болатова Б.М
Топ:ДПиП-101С
Жоспар:
1.Табиғи және әлеуметтік факторлардың адам бойындағы біртұтастығы: «ағза», «тұлға», «даралық» ұғымдары.
2.Даралық пен тұлңаның дифференциалды психология тұрғысынан қарағандағы құрылымы

Тұлға – бұл ағза және оның жоғарғы өкілі – ми, өзіндегі қалдықтардың барлығынан құралатын, біз болғанша біздің болуымыздан және оның кепілділігі. Онда өзінің жеке мінезінің барлық өздік әрекеті мен пассивтік қабілеттілігі және антипатиясымен, өзінің данышпандылығымен, дарындылығымен және ақымақтығымен, жақсылық және ақаулығымен, қимылсыздық пен әрекетімен сипатталады. Тұлғаның аясында көпшілігінде күрделі құрылымы және өлшемі болады, яғни сыртқы ортаның оқиғалары, осыған тұлға кіреді, және де сыртқы ортаның объектілерімен құрылатын байланысы тұлғаның сыртқы кеңістігін құрастырады. Әлем және өзі туралы көзқарасы, әртүрлі оқиғаларды уайымдау, өзіне деген қарым-қатынасы, өзіндік бақылау және өзін-өзі реттеу, өмірлік мақсаты және жоспарлары осының барлығын тұлғаның ішкі ортасын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік кеңістікке кіретіні бұл оның ішкі дүниесінің болмысына байланысты. Басқа жағынан қарастырсақ, оның белсенділігінде, әрекетінде, тілдесуінде, олай немесе жаңаша, тұлғаның ішкі өмірі көрсетіледі. Адамның өмірлік күйі тарихи шарттағы белгілі үзілмес бірлігі, оның тіршілік етуіндегі және әрекетіндегі материалдық негіздер, олардың өзгеруіне бағытталған, тұлғаның психикалық бейнесін жалпалауы кіреді, ол өз кезегінде өмір бейнесінде өзінің белгісін қалдырады.



Даралық психологиясы - адамдардың даралық психологиялық және қылықтық айырмашылықтарын сипаттайтын, түсіндіретін және зерттейтін психология ғылымының саласы.

Даралық психологиясы фрейдизмнен тармақталған, А. Адлер талдап-белгілеген психоанализ бағыттарының бірі. Даралық психологиясы тұлғаның құрылымы ерекше "өмір стилі" бес жасқа дейінгі бала кезден негізі қаланады дегенді негізге алады. Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл дамуын анықтайды. Өзінің дене мүшелері жете дамымағандығы себепті балада кемсіну сезімі болады, оның оны ескеріп, өзін-өзі көрсету әрекетінде мақсат қалыптасады. Бұл мақсат шынайы болса, тұлға дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, неврозды, әлеуметтікке қарсы болып қалыптасады. Ерте жаста туа біткен әлеуметтік сезім мен толыспағандық сезімі арасында қақтығыс пайда болып, өтем және астамдық өтем механизмдерін іске қосады. Осыдан барып жеке билік жүргізуге, басқалардан үстем болуға тырысушыпық, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылық нормаларынан ауытқушылық туындайды. Психотерапияның міндеті — невроздық субъектінің өз мақсаттары мен түрткілерінің болмысқа сай емес екенін ұғынуына көмектесу, өзінің толыспағандығының есесін өтеуге тырысуы шығармашылыққа бағытталуына бағдарлау. Даралық психологиясы идеялары көптеген елдерде тұлға психологиясында ғана емес, әлеуметтік психологияда да тарап, топтық терапия әдістерінде пайдаланылды. Даралық психологиясы неофрейдизмді жақтаушыларға ықпал етті. Даралық психологиясының әдістемелік шектеулігі, ең алдымен, психикалық дамудың күн ілгері мәлімдігі туралы тұжырымдаманы қорғайды; бұл даму телеологиялық тұрғыда әу бастан терең негізделген мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады. Даралық, жекелік, өзіндік қасиет (бір адамды басқа адамнан айырмашылығын көрсететін қасиеттер жиынтығы); Адамның индивидтік қасиеттерінің өзіндік бейнесі бар, басқа адамдардан ерекшелігі. Даралық психологиясы қазіргі кездегі бір тармағы даралық психотерапия — практикалық психология мен психотерапияның аумағы; әр клиентпен психологтің (психотерапевтің) жеке жұмыс жүргізуіне арналған психотерапиялық (психокорреакциялық) әдістердің жүйесі. Келесі тармағы дифференциалдық диагностика әр түрлі іс-әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып білу.[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет