Good morning, children! Sit down, please!Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сергіту сәті «Көңілді күн» әні
ІІ. «Кім көп біледі» кезеңі
Check your home task Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
1.Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің түрлерін ата
3. Алгоритмнің жазылу формасы қалай?
4. Блок-схема деп нені айтады?
5. Алгоритмге мысалдар келтіріңдер
Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында Bilimland.kz сайтынан «Википедия дегеніміз не?» атты танымдық фильм көрсетіледі. Оған мына сілтеме арқылы кіруге болады: http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11915-vikipediya_degenimiz_ne
ІІІ. «Білімге білім қос
кезеңі «Жаңа сабақ»
Our lesson begin
Ой қозғау. Менің мектепке келгенше орындаған әрекеттерім қалай аталады?
Біз жалпы алгоритм түрлерімен танысқан болатынбыз олар: сызықты алгоритмдер, тармақталған алгоритмдер,циклдік алгоритмдер. Енді тармақталған алгоритмдер деп нені айтамыз, олардың алгоритмдік тілдегі құрылуымен, программалық тілдегі жазылуымен, онда қолданылатын операторлармен танысамыз.
Кейбір шарттарды тексеру барысында орындалатын алгоритмдердітармақталған алгоритмдер деп атаймыз. Тармақталудың орындалу түрлері:
Блок –схема түрінде Алгоритмдік тілдеPascal прог. Тіл
егер шарт if шарт then begin
шарт
иә жо жоқ онда 1 серия 1 серия end;
әйтпесе 2 серия else begin 2 cерия end
1 серия
2 серия
Л
Логикалық жалғаулар:
Және И And
Немесе Или Or
Емес Нет Not
Мысалдар қарастырайық: Есеп1.
Екі сан А және В берілген. Екі санның үлкенін табу/ЕСҮ/ алгоритмін және программасын құру керек.
алг ЕСҮ (арг.нақ А, В,нәт. нақ У) program ESU;
var a,b, y:real;
басы begin
енгізу А, В readln (a,b);
егер if a>b else ;
онда У: = А then y:=a
әйтпесе У:=В else y:=b;
бітшығару У writeln(‘y=,’y);
соңы end.
www.bilimland.kz сайтына кіріп 8 сыныптағы «Тармақталу алгоритмдерін бағдарламалау операторлары» тақырыбындағы түсіндірмені тыңдап, оқып, операторлар түрлерін дәптерге жазамыз. Осы тақырыпта берілген үш жаттығуларды әрқайсымыз орындаймыз.
ІV. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлапар» кезеңі
Бұл кезеңі бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді. Ары қарай есептер шығарамыз, тапсырмалар орындаймыз. Сынып үш топқа бөлінеді: «Ойшылдар», «Информатиктер», «Программистер» болып. Мұнда «Ойшылдар» тобы физика, математика, химия пәндерінен есептер шығарады. Ал «Информатиктер» тобы есептерге алгоритм құрса, «Программистер» сол есептерге программа жазады. Әр тапсырмадан соң топтар қызметтерін ауыстырып отырады. Топтар бір-бірін бағалап отырады, бағалау парағы арқылы.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Егер ауаның 21% оттегіні құраса, онда авс өлшеміндегі бөлмедегі оттегінің көлемі қанша болды? а=3, в=4,с=5.
2-тапсырма.
Х, У сандары берілген. Егер осы сандар теріс болса, оларды модульдерімен алмастырамыз; біреуі ғана теріс болса, әрқайсысын 0,5-ке арттырамыз.
3-тапсырма. «Қатесін түзей отырып ретін тап» ойыны. Бүтін А санының түбіріне шығаратын программа құрылған. /барлық топқа бірдей/
V. кезең «Физминутка»
Оқушылар тақтадағы жаттығуға қарап, көзге арналған жаттығуларды жасайды.
VI.Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау www.bilimland.kz сайтына кіріп 8 сыныптағы «Тармақталу алгоритмдерін бағдарламалау операторлары» тақырыбындағы тест тапсырмасын орындау
VII. Бағалау
Goodbye! Our lesson is over. Thank you for your lesson.
Бағалау парақтары бойынша оқушыларды бағалау, үйге тапсырма оқулықтан 65-70 беттер.