Конституцияның қоғамдағы рөлі мен адам құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі. «Қоғамдық келісім» мекемесі республика бойынша осындай арнайы жиындар ұйымдастырды. Шараға кәсіби медиаторлар мен Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктер өкілдері шақырылды. Мамандар Ата заңымыздың қоғамдағы рөлі мен адам құқықтарын қорғау мәселесін талқылады. Жыл басында «Қоғамдық келісім» мекемесінде медиация орталықтары ашылған. Олар азаматтарға заңдарды түсіндіріп, өз құқығын қорғауға жәрдемдеседі. Ел бірлігінің кепілі болған Конституцияның мән-маңызын айшықтайтын шара Ақтауда «Достық» үйінде өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізен республикалық акцияға мемлекеттік қызметкерлер мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Сөз алғандар отансүйгіштік сезімнің Ата заңнан бастау аларына тоқталып, пікірлерін білдірді. Әуес Күшкенбаева, өңірлік әділет департаментінің бөлім жетекшісі -Біздің елімізде басқа мемлекеттерге қарағанда Ассамблея халқы арасында өте татулық бар. Көрші мемлекеттерде болып жатқан саяси жағдайларға қарағанда Қазақстан халқы арасында бейбітшілік сақталған.
http://www.inform.kz/ru/o-znachenii-konstitucii-rasskazali-molodezhi-sko_a2971736
О значении Конституции рассказали молодежи СКО
21 Ноября 14:23 234
Достарыңызбен бөлісу: |