Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет8/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

Тірек сөздер: 
Әмина Мәметова, сыншы, әдебиет, сын, Мәншүк Мәметова, қазақ 
әдебиеті. 
 
 
 
Сын – әдебиеттің шарайнасы, ақылшысы, жолбастаушы пірі. Шынтуайттап 
келгенде, «әдебиет сынмен көркейеді, өркен жаяды» (Жүсіпбек Аймауытұлы),
«жазушының қайрағы - сыншы» (Смағұл Сәдуақасұлы), демек, сын – әдебиет дамуының 
темірқазығы, беломыртқасы. Сын өнерінде философиялық көзқарас пен түйінді 
жинақтауларға, не филология ғылымының жетістіктерімен, әлемдік әдебиеттің көркемдік 
тәжірибелерімен мұздай қаруланған ойшыл сыншының төрешілік тұлғасы – әдебиеттің 
тамыршысы, қырағы жанары. Біздер әдебиет сыншысын осы тұрғыдан бағалауға тиіспіз. 
Заты әйел болса да, Алаш арыстарынан қалыспай, халқының болашағы үшін ойын 
ашық айта да, жаза білген Әмина апамызды бүгінгі күнде танитын, естіп білгендер аз-ақ. 
Тегіне қарап, Мәншүк Мәметованың анасы екені бірінші ойға оралады. Бірақ, ол кісі 
батыр қызды тәрбиелеп қана қоймай, «Екпінді жас» журналының редакторы болған, 
қазақтың би-шешендері туралы зерттеу жұмысын жазған тұңғыш ғалым. Қазақ 
әдебиетінің тарихы бойынша жүзден астам ғылыми мақала жазған, мектеп жасындағы 
балаларға арнап әдебиеттен оқулық, бағдарламалар жасаған – ұстаз [1]. 
Баспасөз бетінде 20-жылдардан көріне бастаған Әмина апа әдеби айтыстардың 
ортасында ойлы да өткір сын мақалаларын жиі жариялайды. Әсіресе, «Көркем әдебиет 
туралы» атты зерттеуі («Қызыл Қазақстан» 1927 ж., №7) зиялы ортаға ой салған, 
мазмұнды еңбектің бірі деп ойлаймын. Сөзіміз дәлелді болу үшін «20-30-жылдардағы 
баспасөз бетіндегі айтыс» айдарымен шығып отырған «Абай» журналынан үзінді 
келтірейік. Сондағы «Көркем әдебиет туралы» деп аталатын мақаласында «Көркем 
әдебиет деген не нәрсе, қай заманнан қалайша басталған, не нәрсеге байланысты, бұған 
болатын сын қандай болмақ?» деген сұрақтарға Әмина апай қысқаша тоқтала келіп, 
«Қысқасы, ескілерді тексермей, білмей, олардан үлгі алмай тұрып, біз айтып жүрген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет