Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет10/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 

қатар адам баласының одан әрі қарай ілгерілеуіне, дамуына көмегі болмақ»
- деп қоғамдық 
пікірмен басталған ой, мәдениет маңайындағы ескі мұраларды тексеріп, тиісті бағасын беру 
үшін – Абайды тілге тиек етпек болып отырмын деген сөзімен жалғасын табады.
Абайдың адамгершілігін, ақындығын тарихи дәуірін оқытуда оны кезеңдерге бөлгені 
белгілі. Сол кезеңдердің ішінде 1845-1904 жылдар арасындағы Абай шығармашылығына ден 
қойып, зерттеу керектігін айтады. Қазақ елі бұл кезеңдерде мәдени-шаруашылық жағынан өте 
төмен бағытта тұрған надан көшпелі, малының басын санап мыңнан асқанына насаттанған, 
жік-жік болып ұрын қонған шамасы еді.
«Малым жанымның садағасы» - деп өмір сүрген халықтың отырықшылық 
шаруашылықты бірден алып кете алмағанын тарихтан білеміз. Сол кедегі сауда 
капитализмінің де қазаққа енуі бай мен кедейдің арасын тым алшақтатып, іріктетіп берді. 
Әмина өзінің мақаласының дәмін келтіру үшін тек өз сөзін ана емес, сол кездегі профессор 
мен ақындардың, жазушылардың ой пікірін де қоса айтып, саралай, сараптай – баға береді. 
Мысалы: «Бұл кезеңді профессор Аспандиярұлы былай суреттейді. – «Қазақ елінің бұл тарихи 
сатысындағы ең үстем, көзге көрініп, өсіп келе жатқан табы – қазақтың жер суын нуын 
билеген, орыстың писерлерімен келісім жасап, патшаның үкіметіне сүйене отырып қазақ 
кедейлері жағының қанаушылығын ұйымдастыра бастаған сауда капиталының әдепті – шала 
пеадал байлар тобы. Мұның мен жеделдес, ескіріп, есеңрей басқан, мал бағу шаруашылығы 
негізінен шықпаған, еңбекшілер көпшілігін ескі патриахат пеадалдық жолы мен қанаушы 
байлар табы болды» - дейді. 
Абай кезеңіндегі қазақты өз кезеңімен салыстыра отырып, Абайдың арманын, 
Абайдың мұңын – Абай шығармаларынан айқын көруге болатынын жазады.
Сол кезеңдегі таптың сана сезімінің өсіп-өнуі үшін Маркис методологиясын – 
қараңғылықтан шығу есігі деп көрсетеді. Тіпті Маркистің мынандай пікірін баса айтып 
кетеді: «тап өзі үшін, болу үшін өндірістегі орын бірдейлігі мен байланысты, қатар болу мен 
бірге таптық сана-сезім мақсаттары да бір болу қажет. Таптың дамуы, ұйымдасуы-оның 
санасының ұйымдасуы, өсуі болып табылады, сондықтан тап жайлы сөйлегенде оның даму 
кезеңдерін ескеруі мен бірге таптық сана сезімі жайлы пікірде сол заманның даму 
басқыштарын анықтай отыруы керек» – (В борьбе за Марксизма в литературной науке ст.126-
27). Белгілі бір топтардың, таптардың жазушылары өз ортасының мақсатын көксеп жырлауы, 
шығармалырының мән-мазмұны да сол ортаға байланысты болады. Сонымен қатар Әмина 
мақалада Абайға алыстан сөз тербеп, таптар немесе топтар ақындарының кемшіліктерін де 
айқын жазады. Жазушы шығармасында өз табына байланысты жазғанда – қайшылықтар 
біліндейді, ал, бірақ басқа тап жазушысы қарсы шыққанда жазушының өз басы жайлы, қайдан 
шыққаны жайлы іздену керектігін сезеді.
Абайдың өз басына келе отырып, оның белді рудан, алдыңғы қатардағы үстем таптан 
шыққандығын айта келіп, оның орыс тілі арқылы Батыс мәдениетін, Шығыстың көрнекті 
адамдарының еңбектерін де оқығанын, әлемге аты шулы данышпандар - Пушкин, Лермонтов, 
Крилов, Гете, Гомер, Аристотел, Сократтың атымен-затымен таныс екендігін айтады. Сол 
кездегі қазақ әлеуметінің көпшілігінің қараңғы, надан тұрмысына – кейіген ақынның мақсат-
мүддесін, ақынның қалам ұшына байда, кедей де, би де, молда да, өтірікші де, ұрыда – 
құтылып кете алмайтынын жазады. 
«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» - деген ұлы ақынның өлең-жырларын
қарасөздерін мән-мағынасын аша отырып, ақынның көңіл-күйін де саралап береді. Көп 
өлеңдерінің мағынасы бойынша Абай кедей жағында көрінгенімен, өз шығармаларында 
«жалқаусың, еңбектеуге ерінесің» - деп кедейді де бір сыбап алады. Абай мен Пушкиннің 
ұқсастықтарын, шығармаларының мәндес екенін мысал келтіре отырып айтады.
Абай ұғымындағы «надандық», «көреалмаушылық», «естілік», «ғылым», «білім», 
«құмарлық» деген сөздердің түйінін шешіп береді. Сол кездерде Абайға қарсы айтылған 
көзқарастар көп болды. Соның бірі «Абай-ескілікті көздейді. Заманының тез құбылуын 
сүймейді. Бұл Абайдың екіжүзділігі, болмаса қайшылығы» - деген пікірдің қате екендігін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет