Абай орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі. Мектепте өткен жаратылыстану, еңбек және сурет пәндері апталығына байланысты 10 сыныпта география және еңбек пәнінен «Құрлық суын қазақтыңұлттық ою-өрнегімен бейнелеу» тақырыбындағы өткізілген сабақ мақсаты: құрлық суы мен оның жекелеген бөліктерінің орнын қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен бейнелеу арқылы оқушылардың білімін жетілдіру.
Жаңа сабақты түсіндіру пәнішілік байланыс арқылы миға шабуыл сұрақтарымен жүзеге асты. Оқушылардың алдыңғы курсталған алған білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарқойылды. Гидросфера дегеніміз не?
Гидрология қандай ғылым саласы?
Су табиғатта қандай күйде кездеседі және қандай қасиеттері бар?
Жер шарында су қалай таралған?
Жаңа сабақты түсіндіру.
«Атымда менің сырым бар» дегендей, әр ою-өрнектің астарында алуын мағыналы тарихи ақпарат жатыр. Мысалы, еліміздің туындағы ирек су оюы - өмір жолы, дөңгелек күн оюы – жарық өмір, құсқанат оюы – еркіндікті, қошқармүйіз оюы – молшылықты, тоқтылықты, байлықты бейнелейді. Ал көк түс ашық аспан бейбітшілікті білдіреді.
Мына схемадан құрлық суын бейнелеуде қазақтың тұмарша оюынан- беткі су, айшық оюынан- өзен, өркеш оюынан - құдық, өркеш оюынан-көл , ирек оюынан –жер асты суын, ал дөңгелек оюынан жазылған сипаттамаларды көріп отырмыз.