Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет39/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
36 
Осындай қалың қол қойған қайыр іске,
Біздерден жәрдем жоқ еш бөленген.
Біздерге мұнан артық болмас ұят,
Сол үшін беріп жазамын хат. (6,8) 
Шәдінің қазақ тарихына арнап жазған «Тарихнама» поэмасы бар. Ол үлкен екі 
тараудан тұрады. «Шыңғысханның тарихы» деп аталатын бөлімі 32 тараудан тұрады, ал 
«Абылайхан тарихы» деп аталатын бөлігі 22 тараудан тұрады. Оның осы бумадағы үш 
қолжазбасының көлемі - 31964 жол.
Поэманың басында ежели патшалық құрып, бұл күні есімдері аңызға айналған 
патшаларға тоқталады да, Оғыз хан, Қарахан тарихын өрбітеді. Ру тайпалардың шыққаны, 
қазақтың үш жүзг бөлінгені жайлы деректер келтіреді. Шығармада хандар туралы көп 
мәлімет келтіріледі. Бұл туралы Немат Келімбетов пікірін білдірді. 
«Мазмұнына, құрылысына қарағанда Шәді бұл дастанын Абулғазы Бахадүр 
ханның «Шежірей түрік» деген кітабының ықпалымен, соған еліктеп жазған сияқты. 
Сондай-ақ, «Тарихнаманы» оқи отырып, Мұхаммед Юсуфтың «Трихи Мухимханий», 
алғашқы нұсқасын Нуриддин Ахунд Мулла Тархад Самарханди жазған «Тариха 
Рақимий», Мунис Хорезмий мен оның жиені Мухаммедриза Атахий жазған «Фирдаве уа-
иқбол» сияқты күрделі тарихи еңбектермен ақын жақсы таныс болғанын аңғару қиын 
емес», - дейді Немат Келімбетов (3). 
Қорытындылай келе, Шәді Жәңгірұлы қазақ әдебиетіне нәзирагөйлікті әкелген 
ақындардың бірі деп айта аламыз. Ол дәстүрлі тақырыптарға жаңа форма мен мазмұн 
беріп, тың шығармалар жазды.
Кеңес заманында ақынның туындыларын «идеологияға жат» деп бүркемелеп, 
жасырын ұстап келді. Бұл туралы көп ғалым пікір білдіріп, зерттеулерінде дәлел келтірді. 
Сондықтан ағартушылығы мен берері мол туындылардың зерттелуімен таралуына үлес 
қосу керек.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет