Оқушылар сурет бейнеленген қағаз қиындыларын алып, құрастырады.
Құрастырған суреттері бойынша топқа бөлінеді.
Жаңа сабақ
4 мин
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар, бәйтерек ағашы туралы не білеміз?
Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап , қасиет тұтады.Тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол алып, көкпен жарыса өседі.
Біздің қазақ халқы өз ұлын, батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «Бес арыс», «Үш бәйтерек» деп өмір сүрген қоғамына, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді. «Үш бәйтерегіміз» кімдер екен? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет).
«Абайдың інілері, Қазақтың ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» деп жырлағандай бүгінгі
сабағымызда Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып танысамыз.
Сәкен Сейфуллин жайлы.
1916жылы ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ етіп түскенде,ақын халық жағына шығады.Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады,қазақ елі бостандық алып,бодандықтан құтылды деп сенеді.Ол дереу Ақмолаға келіп,жаңа заман жолындағы күреске араласады. Содан соң құғын-сүргінге ұшырап атаман Анненковтың «азап вагонында» көрмегенді көріп, әрең қашып шығады.
Арнайы дайындалған бейне ролик көрсетіледі.
«Ақсақ киік» өлеңі оқылады
Мағынаны тану
(Реализация)
18 мин
1.ЖИКСО әдісі
2. 1-топ «Ақсақ киік» өлеңін құрылысына қарай талдайды. Киік туралы мақал-мәтелдер табады. (Сынып кітапханасын пайдалану)
1.С.Сейфуллин жайлы және тақырыпқа байланысты «киік» туралы танымдық мәтінді ұжымдық оқыту арқылы жүзеге асырамын.
Оқушылар мәтінді төрт бөлікке бөліп оқып, бірін- біріне түсіндіреді.
1-топ С.Сейфуллин жайлы
2-топ Киік жайлы оқығандарын ортаға салып, топпен жұмыс істеп қорғайды.
2-топ Ғаламтордың көмегімен қазіргі таңда киіктердің саны қанша деген сұраққа жауап іздейді.
«Жиксо» әдісі арқылы танымдық мәтінді ұжымдық оқыту арқылы іске асыру көзделді.
4
Оқушылар танымдық мәтінді жақсы меңгерді. Алдымен өздері жеке оқыды, оқығандарын жұппен талқылады. Өз топтарына келіп, топпен кезекпен кезек айтты. Түсінгендерін плакатқа арнайы оқу құралдары арқылы жазды. «Сәкен» тобы алып бәйтеректі бейнелеп, Сәкен шығармашылығын бәйтерек бұтақтарына орналастырған. «Киік» тобы кесте түрінде көрсеткен.
5
Сергіту сәтін өткіздім.
5
Оқушылар сергіп қалды.
6
1-топ «Ақсақ киік» өлеңін құрылысына қарай талдаттым.
2-топты ғаламтормен жабдықтап «Қазіргі таңда киіктердің саны қанша?» деген сұраққа жауап табу тапсырмасын бердім.
6
1- топ оқушылары тақтаға өлеңді талдады. 17 шумақ, әр шумағы 4 тармақ, әр тармағы 3 бунақ, 11 буыннан тұратынын айтты. Ұйқас түрлеріне де тоқталды.
2- топ оқушылары ғаламтордан мәлімет алып, мониторинг жасады.
Жасаған жұмыстарында бірнеше қате болды. (Бұлар енді үйреніп жатқан 5-сынып )
Ой толғаныс
(Рефлексия)
7
«Дебат» әдісін түсіндірдім.
7
Әр топ қызығушылық танытып тапсырманы орындады.
«Киікті ату дұрыс емес» пікіріне 1-топ «Келісемін», 2-топ «Келіспеймін» деген позицияны ұстады. Оқушылар өз ойларының тереңдігін көрсете білді. Жауаптарын қазіргі заманмен байланыстыра айтты.
8
2 топтың оқушыларына «Киік-қазақ даласының бейнесі» тақырыбында эссе жазу тапсырмасын бердім.
8
Оқушылар эссе жазуда сабақтан алған әсерлерін қоса жазыпты.
9
Үй тапсырмасын бердім.
9
Оқушылар күнделіктеріне жазып алды.
10
Оқушылардың бағалағандарын тыңдап, қорытынды баға қойдым.
10
Оқушылардың критерийлерге сүйене отырып бағалауды үйренгені көрінді.
11
Кері байланыс жасау үшін смаиликтерді тараттым.
11
Парақшаларға өз ойларын, ұсыныстарын жазып тақтаға ілді.