S1 қимада атқарылатын жұмыс A1=F1l1 , ал күш F1 = P1S1
S2 қимада атқарылатын жұмыс A2=F2l2 , ал күш F2 = P2S2
A1 = P1 S1 l1 ; V1 = S1 l1; A1 = P1 V1 ; V1 = ; A1 =
A2 = P2 S2 l2 ; V2 = S2 l2 ; A2 = P2 V2 ; V2 = ; A2 =
Энергияның айналу және сақталу заңы бойынша сұйық S1 –ден S2 -ге өткенде оның толық механикалық энергиясының өзгеруі сыртқы күштер жұмыстарының айырымына тең болады. Құбыр горизонталь орналасқандықтан, сұйықтың потенциалдық энергиясы өзгеріске түспейді.
W = A1 - A2 ; A1 - A2 = Wk1 – Wk2 ; - = - ;
P1 – P2 = ( - ); P1+ = P2 +
Соңғы екі өрнек Бернулли теңдеуі деп аталады.
4) Бернулли теңдеуінен мынадай қорытынды шығады; ағыс жылдамдығы аз жерде сұйықтың қысымы көп болады, ал ағыс жылдамдығы көп жерде сұйықтың қысымы аз болады.
Сабақта жасалатын демонстрациялар:
1.Екі парақ қағаз арасына ауа үрлесек қағаздар бір-біріне тартылып жабысады.
2. Жанып тұрған екі свеча оты арасынан түтік арқылы ауа үрлесек свечалар оттары бір-біріне қисаяды.
3. Свечаға воронка арқылы ауа үрлесек, свеча оты воронкаға қарай қисаяды.
4.Клеман-Дезорма құбылысы.
5.Мангус эффектісі.Қағаздан жасалған цилиндрді көлбеу жазықтықтан домалатсақ, цилиндр қозғалысы парабола сызбайды.
IV кезең.Жаңа білімді пысықтау, бекіту кезеңі.
1) Корабльдер неліктен тартылады?
1912 жылы «Олимпик» үлкен параходы ашық теңізде жүзіп келеді.Ал оған параллель 100 метрдей арақашықтықта үлкен жылдамдықпен басқа кішірек крейсер «Гаук» жүзіп келеді.Крейсер «Олимпик» параходының орта тұсына жетіп қалғанда крейсер өзінен өзі бұрылып, рулге бағынбай параходқа қарай жүзеді, қандай да уақыт өткенде екеуі соқтығысады. «Олимпик» параходында үлкен тесік пайда болады.Осы корабльдердің тартылуын немен түсіндіресіңдер?
2) № 404 есеп. (ауызша шығару)
Егер үстел теннисінің добын тоққа қосылған шаңсорғыш шлангісіне ауаның үйіріміне қойсақ, ол үйірімде қалқып тұрады да, шлангіні қалай бұрсақ солай қарай жылжиды.Құбылысты түсіндіріңдер.
3) Ертегі. Ойланып шешімін табу керек.
Патша сарайының үлкен бөлмесіне бір тұтқынды әкеліп тастады. Оны жазалауға әзірленіп жатыр.Жазалау алдында бас уәзір тұтқынға былай дейді:
-саған мынадай жұмбақ айтам, егер жұмбақ шешуін тапсаң, Алла саған өмір сыйлайды,-дейді.Тұтқын қатты күрсінді.Уәзір бөлме ортасында шынжырғаілінген ыдысты көрсетті.Ыдыс түбіндегі тығында ашсаң, оның ішіндегі су ағады. Ыдыстан ағып шыққан су ағыны жерге жақындаған сайын неліктен жіңішкереді.Сенің уақытың су ағып болағнша ғана, соңғы тамшы тамғанда шешуің жоқ болса басың да бірге жерге түседі,- дейді.Су ағып кетті.Бас алғыштар қылышын қамдап тұр.Тұтқын жанталаса жауабын айтып үлгерді.Тұтқын қандай жауап айтты?
Жауап:Әрбір су бөлшектері жерге жақындаған сайын тез қозғалады (жердің тартылысы көп) және сығылады,өйткені су ағыс жылдамдығы көп кезде қысымы аз, ал сырттан қоршап тұрған ауа жылдамдығы аз, қысыма көп,сондықтан ауа суды қысады, сонда су сығылады да жіңішкереді.
Рефлексия:
Сабақ сендерге ұнады ма? Егер ұнаса – екі қолымызды да көтереміз; егер жартылай
ұнаса – бір қолымызды көтереміз; ал егер мүлде ұнамаса- қолымызды көтермейміз.
1. Несімен ұнады?
2. Не ұнамады?
3. Сеніңше, нені өзгертуге болар еді?
4. Не жайлы көбірек білгің келеді?
5.Сабақтан кейінгі көңіл-күйің қандай?
V кезең. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма.Оқулықтағы эксперименттік тапсырманы орындау. ІV тарауларды қайталау.
Сөз жұмбақ құрастырып келу тақырыбы «Энергияның сақталу және айналу заңы»
Достарыңызбен бөлісу: |