Астана қаласы №63 мектеп-гимназиясы Орыс сыныптарының



Дата12.03.2018
өлшемі47,47 Kb.
#38689
Астана қаласы

63 мектеп-гимназиясы



Орыс сыныптарының

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Нигметова Роза Куайдоллаевна



3 «в» сыныбы Күні: 14.12.16ж

Тақырыбы: Гүлдене бер, Астана!

Мақсаты: Балалардың ел жүрегі Астана туралы танымын кеңейту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тілдерін дамытып, сөздік қорын байыту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, Астана туралы видео- фильм, Астана туралы слайд, Астана туралы кітаптар көрмесі.

Тәрбие сағатының кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә) «Шаттық шеңберін»-құру.

Мен тәртіпті баламын,

Жақсы оқушы боламын,

Кілең бестік аламын,

Қазақ тілін үйреніп

Еркін сөйлер боламын.



Б) Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Психологиялық дайындау:

А) Біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?

Ә) Астананың бұрынғы атауы?

Жүргізуші: Қайырлы күн, балалар!

Армысыздар, жиналған қауым?

Бүгінгі күніміз сүйікті қаламыз,

Еліміздің ордасы

Астананға арналады

Ер бала:

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған,

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қала –Астанам!

Тың жолдарын бастаған,

Жалған атты тастаған,

Қайта түлеп , құлпырған,

Ей, бас қала- Астанам!

Қыз бала:

Шырқап көкке аспан -ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам – Астанам!

«Астана кеші» Т. Мұхамеджановтың әні

Орындайтын : Цой Луиза

Слайд «Бәйтерек» (Назар экранға аударылады)

Жүргізуші: Қане, бәріміз экранға назар салайық. Экранда не бейнеленген?

-Бәйтерек ненің белгісі?

-Бәйтерек – ол жаңа елорданың, біздің қаламыз-Астананың символы.

-Бәйтерек неге ұқсайды?

-Бәйтерек алып, үлкен ағашқа ұқсайды.

-Бәйтеректен тағы да нені көреміз?

-Байтеректің басындағы шар ертедегі Самұрық құстың алтын жұмыртқасы.

-Бәйтеректің ішінде не бар?

Бәйтеректің ішінде аквариум, көрме залы және жоғары бөлігінде «Аялы алақан»- Қазақстан Республикасы Президентінің оң алақанын көруге болады.

-Балалар, «Бәйтеректің»жобасын ұсынған кім?,білесіңдер ме?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біздің Президентіміз.

Жүргізуші: «Бәйтерек» монументіаныз-ертегінің желісі бойынша салынған. Көк аспанға дейін жететін мәуелі бәйтеректің жасыл желекке көмкерілген саясында қасиетті Самұрық құс мекенденген екен.Алып Бәйтерек өскен жер- Сарыарқа даласы екен.Осы аңыз бүгінде шындыққа айналып «Бәйтерек» бой түзеді.

Астана туралы тақпақ

Бүгінде менің Астанам-

Еліне жыр мен дастан –ән.

Жыл сайын гүлдей құлпырып,

Өсе бер жайнап,жас қалам.

Армандап күткен әр таңнан,

Қазағым сен деп ән салған.

Биіктен әсте көрінсін

Әнұран, Туым, Елтаңбам

Армандап өткен бабамыз,

Көз салып бүгін қараңыз

Сан ғасыр күткен сағынып-

Астана – арман қаламыз.

Сөзжұмбақ шешу: Орысшадан қазақшаға аудару

1-топ: 2-топ: 3-топ:

1-месяц 1-высокий 1-труд

2-художник 2-красивый 2-продавец

3-пища 3-игра 3-вешалка

4-повар 4-август 4-козленок

5-внук 5-сказка

6-неделя 6-спасибо

7- старый

8-дежурный

Балалар, қай топта қандай сөз шықты? Ол сөздердің Астанаға қатысы бар ма?

1-топ: Астана

2-топ: Бәйтерек

3-топ: Есіл

Би: «Қазақ биі» Орындайтын: Васютина Андромеда, Ғабдығалым Диана, Жұматай Лаура

«Ойлы болсаң, озып көр» сайыс.

Бұл сайыс оқушылар мен келген қонақтарға арналған

Оқушыларға арналған сұрақтар.

1.Астанадағы өзенді атаңдар /Есіл/

2.Астананың ең үлкен оқу орны қалай аталады? /Еуразия Ұлттық Универ./

3.Астананың бұрынғы атауы қандай? /Ақмола/

4.Президент Резиденциясын атаңдар /Ақ орда/

5.Бейбітшілік және келісім сарайы /Пирамида/

6.Астананың бойтұмары /Бәйтерек/

7. «Здание»сөзінің қазақшасы /Ғимарат/

8.Мәдени ойын – сауық орталығы /Думан/

Қонақтарға арналған сұрақтар

1. Ақмола боп қала нешінші жылы қаланды? /1932/

2.Қай жылы Целиноград болып өзгертілді? /1968/

3.Қай жылы тарихи атауы Ақмола болып қайтарылды? /1992/

4.Астана ретінде тұсауы кесілген күн? /1998/

5. «Бәйтерек»-монументі неше метр? /97/

6.Астананың ең басты көшесі,

қатынас жолы,ең ескі, ұзын көше? /Республика даңғылы/

7.Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін

ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? /Талғат Мұсабаев/



Астана туралы видео-фильм көрсету

Мұғалімнің сөзі: Бүгін біз тәрбие сағатында Астанамыздың тарихына көз жібердік. Астана – ата-бабаларымыздың ақ арманының жеңісі. Астана-жас, әсем қала. Сендер астананың жас ұландарысындар. Астананың өркендеуіне, өсуіне сендер де үлестерінді қосындар. Осымен тарбие сағаты аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет