Астана қаласы Білім басқармасы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі



бет5/5
Дата12.03.2018
өлшемі3,31 Mb.
#38769
1   2   3   4   5



15


Температура төмендегенде дыбыс жылдамдығы азаяды, бұл шектің тербелісінің баяулайтындығын көрсетеді. Осы тәжірибені камертонмен де қайталап жасадым, оның тербелісінің графигі:

Тәжірибе барысы бойынша музыкалық аспаптарды күтіп-баптап ұстаудың жолдарын қарастырдым:

·  Музыкалық аспаптарды негізінен температурасы +10 +25 градус жылылықта болатын жабық бөлмеде ұстаған дұрыс, сәйкесінше ылғалдылық 50-60% болуы тиіс.

·  Музыкалық аспаптарды дымқыл жерге қоймаңыз, себебі дымқылдың кесірінен ағаштан жасалған аспаптар қисайып кетеді. Домбыралардың мойнының қисаюы көбіне осы дымқылдықтан болады. Мойны қисайып кеткен аспаптың даусы өзгеріп, ойнау мүмкін емес боп қалады. Оны тек мойнын жасатқан шеберге ауыстыртып немесе тазартқызып қайтадан қалпына келтіруге болады. Мойны қисайған домбыраны ішегінен байқауға болады, ішегі мойнынан бөлек болып 05-1 см дей шығып тұрады.

·  Аспаптарды терезе, есік, жылытқыш құралдары мен от жағатын пештерден кемінде 1,5 метр алыс ұстаған дұрыс.  Себебі, ағаш пен саздан жасалған аспаптар жиі ауа алмасудан қатты өзгеріске ұшырайды.

·
16


  Музыкалық аспаптарды ары-бері алып жүру үшін әрқашан қалың тыс (чехол) мен футляр пайдаланыңыз. Тыс пен футляр күн түсу мен жаңбырдан аспабыңызды қорғап тұрады және құлатып алған жағдайдан зақымданудан сақтайды.

·  Тыс аларда оның екі қабат және қалың болуына басты назар аударыңыз. Себебі, астыңғы тыс қашан да күн сәулесі мен суды өзіне сіңіріп алады. Ең дұрысы сырты теріден (кожа) ішінде астары барлығына назар аударыңыз.

·  Үйде музыкалық аспаптарды футлярдың ішінде сақтаған кезде, футлярдың аузын ашып қойыңыз және аспапты арасында алып шығарып қойыңыз. Үйде футлярдың ішіне салып аузын жауып қоюға болмайды!

·  Қыстың күндері даладан келген аспапты бірден пайдалануға болмайды. Суық даладан келген аспап ылғалды боп тұрады, сондықтан аспапты қабынан шығармай 25-30 минуттай бөлме температурасында қойып қойыңыз. Ойнар алдында құрғақ сүлгімен жақсылап сүртіп тазартып алыңыз. Ылғал аспаптың ісініп даусын бұзып, ағаштың бұзылуына әкеледі.

·
5
  Температура өзгерер уақытта, әсіресе күз уақыттарында қыс түсерге жақын (от жақпаған кезде) аспаптың басына целофан кигізіп кішкене көп тесіктер тесіп қойыңыз. Кейін температура тұрақталған кезде целофанды бірден алып тастаңыз.

·  Жаңбырдың астында қалған кезде үйге келе сала аспапты тысынан шығарып қойыңыз. Себебі, судың бәрін сіңіріп алған тыс кебу керек. Кеппесе дымқыл аспабыңызды құртады.




16

Қорытынды
Жақсы музыкалық аспаптарда ойнап үйренген дұрыс. Тек жақсы аспап қана күшті, әсем, әсерлі дыбыс шығарады, ал дыбыстың сапасы мен музыкалық аспаптарды пайдалана білу орындау шеберлігіне байланысты.

Жақсы аспапты музыкалық аспаптың сыртқы түрі бойынша анықтау қиын емес – оның формасы әдемі болуы керек және сапалы материалдардан жақсы өңделіп жасалуы қажет.

Болашақта музыкант боламын деген бала музыкалық аспаптарға байланысты кейбір жағдайларды білгені жөн.

Домбыра мен қобызды бес жылға дейін сақталған ағаштардан жасайды. Ылғалдылық артқан кезде ағаш ұлғаяды да, аспаптың істен шығуына әкеп соғады. (Қалыпты ылғалдылық – 38-45%, температура – 20 градус Цельсийше). Ал егер аспап жасалған ағаш «ұлғайса» онда жоғарғы дека көтеріледі де, деформацияланады. Қыс мезгілінде музыкалық аспаптарды тасымалдамас бұрын, оны салқын жерде ұстау керек (7-10 градус Цельсийше). Ал даладан әкелген аспапты бірден ойнамау керек, кем дегенде 1 сағат уақыт қажет болады. Сондай-ақ, қыста домбыраны ұзақ уақыт қабырғаға жоғарғы жаққа іліп қоюға болмайды. Себебі жылы ауа жоғары көтеріледі, яғни, еденге жақын жерде температура 18 градус болса, бөлменің жоғарғы бөлігінде температура 27 градусқа дейін болады. Бұл ылғалдылықтың төмендеуіне алып келеді.


17

Әдебиеттер.


1. Уикипедия – ашық энциклопедиясы

2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006

3. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000.

4. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том

5. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет.

6. Музыкальная акустика, М., 1954; Шерман Н.С., Формирование равномерно-темперированного строя, М., 1964

7. Закс К., Современные оркестровые музыкальные инструменты, пер. с нем., М., 1932

8. Вертков К., Благодатов Г., Язовицкая Э., Атлас музыкальных инструментов народов КСРО, Л., 1964



9. Сарыбаев Б., Қазақтың музыкалық аспаптары, А., 1978

18



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет