Астана қаласы қоғамдық-экономикалық өркендеуінің 2016 жылға мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласындағы нәтижелері жайлы аналитикалық хаттама Саланың күші


Қалалық кітапханалар қызметін қамтамасыз ету



бет3/3
Дата21.07.2017
өлшемі434,53 Kb.
#21725
1   2   3

Қалалық кітапханалар қызметін қамтамасыз ету

ҚКЖ кітапханалар қызметі (17 кітапхана)

Есеп беру кезеңінде кітапхана қызметкерлері жоспар бойынша жеке және саралап оқытуды қадағалап, оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітапқа деген қызығушылықты арттыру жұмыстарымен айналысты.

Кітапханалар өз жұмысында әр түрлі амалдар мен тәсілдер қолданды – кездесулер, әдеми танысулар, денсаулық сағаттары, тарих сағаттары, көрмелер. Кітапханаларда өткен барлық жұмыстар тақырыптық цикл, бағдарлама, бағыт аясында жүзеге асты.

Жүйелі түрде оқырмандар талғамын анықтау, бұқаралық, балалар кітапханалар жүйесінің қызметінің тиімділігін анықтау жұмыстары жүргізілді: кітапхана қолданушылары аудиториясының әлеуметтік және жас құрамын зерттеу. Оқырмандардың сұранысына сай әдебиеттерді ұсыну үшін олармен жеке жұмыстар жүргізіліп, негізгі қажеттіліктері мен қызығушылықтары анықталды.

Қаланың кітапханалар жүйесінің басты артықшылығы – тұрғындардың мәдени-білім деңгейін көтеру, азаматтардың рухани құндылығын нығайту, оқырмандардың салт-дәстүр, мәдени, ұлттық, адамгершілік құндылықтарын сақтау мен дамыту.

Қаланың кітапханалар жүйесінің кітапханалары экономикалық кризис кезеңінде Астананың тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету саласында тегін, жалпыға қолжетімді болып қалды.

Осы жылдың сәуір айында қаланың кітапханалар жүйесінде ҚКЖ КГУ кітапханаларының құрылымын оңтайландыру жұмыстары жүрді: жеке орны жоқғ жалға алынған кітапханаларды басқа кітапханалармен біріктірілді. Нәтижесінде 23 кітапхананың орнына 17 кітапхана жұмыс істейді.

Жетістіктері

«Мир. XXIвек. Через чтение к идентичности и культуре» Халықаралық кітапханашылар Конгресінің нәтижесінде ОКЖ ҚР мәдениет және спорт министрінен алғыс хат алды, ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері конгрес жұмыстарына белсене қатысқаны үшін сертификаттар алды.



Біліктілігін арттыру

Ұазір жүйе кітапханаларының 5 қызметкері оқудың сырттай оқу формасымен жоғары білім алды: олардың үшеуі екінші кітапханалық жоғары білім алды. 40-тан астам кітапхана қызметкерлері 9 ай ішінде «SAMRUK Consulting» оқу орталығында ақылы кітапханалық курстардан өтті; «Инновационное развитие общедоступных библиотек», «Библиотеки и фонды библиотек в цифровую эпоху: традиционные и электронные ресурсы» сертификаттар алды.

Қыркүйек айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мир. XXI век. Через чтение к идентичности и культуре» Халықаралық кітапханашылар конгресі өтті. Халықаралық конгрестің ұйымдастырушылары – ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы.

Конгреске ТМД елдеріндегі Ұлттық кітапхананың өкілдері, кітапхана ассоциациясы мен мекемелерінің (ИФЛА) Халықаралық федерациясының өкілдері, Еуразия кітапхана Ассамблеясы, қоғам және саясат қайраткерлері, ғалымдар, ақындар, жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, баспагерлер, мәдениет, білім-ғылым және кітапхана саласының мемлекеттік қызметкерлері шақырылды.

ОКЖ кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ширек ғасырлар жылдары» ақпараттық-сараптамалық көрме өткізді.

ОКЖ кітапханасы қызметкерлері «Детская литература в современном мире: через чтение к познанию мира, языков и культур»; «Библиография: состояние и современные тенденции развития»; «Редкие и ценные книжные фонды как основа сохранения исторической памяти»; «Современный библиотекарь: взгляд в будущее профессии» атты және басқа да отырыстарға қатысты.

Шаралар: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Моя страна, моя история» кітаптар көрмесі, Астана күніне арналған кітап пен поэзия мейрамы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Абай шығармалары негізінде жалпықазақстандық ашық диктант, ҚР Конституциясы күніне арналған кітап көрмелері, тақырыптық көрме-әңгімелер, саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Летопись горького времени: памяти жертв политических репрессий», «Дети КАРЛАГА», «Великие узники ГУЛАКА», «Набат скорби: тысяча изломанных судеб…», «Одна судьба, одна беда связала крепко их…» көрмелері, ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Высшие ценности моей Родины», «Государственные символы – национальная гордость», «Овеянные славою флаг наш, герб и гимн» кітаптар көрмесі, Еңбек күніне арналған «В труде рождаются герои», «Славим человека труда», «Трудовая династия – мировая ценность» кітап көрмесі, алғыс айту күіне арналған «Моя Родина – Казахстан» викторинасы, салауатты өмір салты бойынша әдебиеттерді насихаттау жұмыстары, наркоманиямен күрес күніне арналған шаралар.

Есеп беру кезеңінде кітапхана оқырмандарының саны 70 895 адамды, кітап қоры 699 115 адамды, шараларға келушілер саны 55 637 адамды құрады.
Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты есеп беру кезеңінде 27893 жұмысты атқарды және тапсырды, оның ішінде 1444 жұмыс – оқу залына. 1179 тізімдеме беріліп, 5062 жарлық жазылып, тігілді, 2534 жұмыс шифрланды, 13366 жұмыс орналастырылды.

Қайта қалпына келтірілгендер – 1018 сақтау бірлігі, оның ішінде 6383 парақ пен құжат.

Мұқабалауға берілген жұмыстар – 3728 сақтау бірлігі.

4564 сақтау бірлігі тексерілді.

Өшіп кеткен мәтіндерді қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылды – сақтандыру қорының 245 жұмысынан 7731 парақ көшірілді.

Барлығы – 632 сақтау бірлігі тексерілді.

Қор жұмысының 104 папкасы тексеріліп, қалпына келтірілді.

Есеп беру кезеңінде қалалық сараптама-тексеру комиссиясының қарауына 126 ұйым, 80 ведомствалық мұрағат пен эксперттік комиссия жұмысы туралы ережелер, 114 ұйымның құжаттарын жою туралы актілер мен жұмыс сипаттамасы бөлім іс-қағаздар тізімдемесін дайындады. Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, қалалық сараптама-тексеру комиссиясының отырысында қаланың таратылған 17 ұйымының ісі ұсынылды. Ведомстволық мұрағатты паспорттау бойынша жұмыстар аяқталды.

Мұрағат жұмыстары бойынша ұйымдарға методологиялық және конкультациялық көмек көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. 2017 жылдың атаулы күндеріне жоспарлар жасалды.


Ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың материалды-теникалық базасын нығайту

Есеп беру кезеңінде мәдениет кәсіпорындарының материалды-техникалық базасы толтырылды.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театрына - бақылау жүйесі, интерфейсті түрлендіргіш, монитор, видеобақылау жүйесі, монитор мен видеотіркегіш, сандық камералар;

Қуыршақтар театрына – видеобақылау, металіздегіш, процессорлар;

«Наз» Мемлекеттік би театрына – тігін құрылғысы;

«Жастар» сарайына – мүгедектерге арналған көтеру құрылғысы, стеллаждар, аквақұрылғылар, кеңсе жиһазы;

«Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарын сақтауды қамтамасыз ету Дирекциясына» - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы монументі;

Тәуелсіздік сарайына – аудио/видеожазу жүйесі, аккумулятор батареялары, үстел-парталар, радиомикрофондар, алюминий орындықтар;

Бейбітшілік және келісім сарайына – рентген техникаларының жиынтығы, видеобақылау, күзеттің өрт қауіпсіздігі, негізгі шымылдық, компьютерлер.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Мемлекеттік бағдарламасы аясында мәдениет мекемелерінің жөндеу жұмыстары

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мәдени нысандарға жөндеу және жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, астаналық цирк, Бейбітшілік және келісім сарайы, «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған мұражай-мемориалдық кешені, ХІХ ғ. «Бұрынғы мұсылман мектебі» ескерткіші ғимаратына, №5 бұқаралық кітапхана, №5 балалар кітапханасы, Орталық жалалар-жасөспірімдер кітапханасы, №2 бұқаралық кітапхана.

2016 жылы Басқарма құрылымына «Астана-Бәйтерек» ЖШС және 2015 жылы «Коммуналды жекеменшік қоры» ГКП берілді.
«Астана-Бәйтерек» ЖШС

«Астана–Байтерек» монументі – әлемде аналогы жоқ, бірегей ғимарат. «Астана–Байтерек» монументі мағынасы жағынан қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.



«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан.

«Астана – Бәйтерек» монументінің биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды.



«Астана – Бәйтерек» монументінің негізгі мағынасы – бұл Әлем Ағашы.

Біліктілігін арттыру

Есеп беру кезеңінде 3 қызметкер біліктілігін арттырды.



2016 жылы «Астана-Бәйтерек» Монументіне 495 000 адам, 54 шетелдік және 115 отандық делегация келді.



«Коммуналды жекеменшік Қоры» ГКП құрамында 8 саябақ бар: «Астана саябағы», «Студенттер саябағы», «Президент саябағы», «Ғашықтар саябағы», «Арай», «Жерұйық», «Ататүрік», «Отан қорғаушылар». Бұл саябақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін 1 маусымнан 31 тамыз аралығында жұмыс істейді. Сяабақ алаңдарында әр түрлі шаралар өтті, оның ішінде: спорттық олимпиада, отбасы күні, Даун синдромымен ауыратын балаларды қорғау мақсатында ұйымдастырылған «Солнецкросс» қайырымдылық жүгіруі, «Ашық сахна» фестивалі, атаулы кұндер мен жексенбіл күндері болған концерттік бағдарламалар және басқа да мәдени-бұқаралық шаралар. Саябақтар демалыстың ашық алаңы болғандықтан меморгандармен, жеке құрылымдармен бірге мәдени-бұқаралық шараларды өткізетін орынға айналды.

2016 жылы коммуналды жекеменшік Қорында жалпы саны 178 620 көрермен келген 197 шара өтті.
Мемлекеттік қызметтер

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес, мәдениет Басқармасы келесі қызметтерді көрсетеді:

Мәдени құндылықтарды уақытша ала тұру құқығына куәлік беру. Қазақстанның мәдени жетістігін шетелде көрсету үшін Басқарма концерт, кһрме және басқа да мәдени шараларды ұйымдастыру үшін картина, музыкалық аспаптарды, сондай-ақ, мәдени құны бар 6 затқа

Мұрағат куәліктерін беру. Есеп беру кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың 9361 өтініші сұранымы орындалды.


2016 жылы Астана қаласы Әкімдігіне ведомстволық қарасты Астана қаласының мәдениет кәсіпорындарында 7879 мәдени шара өтіп, 4 078 895 адам көрген.

Мәдениет басқармасының басшысы Б. Мажағұлов

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет