Айша бибі көшесі
Бұрынғы атауы – №84 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Айша бибі көшесі Баян сұлу көшесінен басталып, Ақбаян көшесінде аяқталады. Ұлпан орамы, Домалақ ана, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1450,9 м.
Айша Бибі – шамамен XI-XII ғасырда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бірін-бірі ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. «Күйеу жігіттің еліне барып хабарын білейін» деген Айша бибіге әкесі рұқсат бермейді. 40 қыз жолдасын ертіп, Қараханның еліне таянған Айша бибі су бойына тоқтап, жуынады. Сол кезде сәукеленің ішіне жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіген Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Қарахан Айша бибінің қабірінің үстіне күмбез салдырады.
Айыртау көшесі
Бұрынғы атауы – №34 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Айыртау көшесі Ақсуат көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,7 м.
Айыртау – Ақмола облысы Арықбалық ауданының солтүстігіндегі Имантау мен Шалқар көлдерінің аралығында орналасқан тау.
Достарыңызбен бөлісу: |