Домалақ ана көшесі
Бұрынғы атауы – №129 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Домалақ ана көшесі Қорғалжын тасжолынан басталып, ақын Сара, Баян сұлу, Ұмай ана, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 947,4 м.
Нұрила Әли Сыланқызы – Домалақ ана атанып, есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Домалақ ананың әулиелігі, ақылдылығы, даналығы, тапқырлығы жайындағы әңгімелер елге кең тараған. Нұрила ананың «Домалақ ана» атануы туралы ел ішінде мынадай бір аңыз бар. Ел ішіндегі деректерге қарағанда Домалақ анаға «Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі оның даналығына тәнті болып қойған екен. «Диһнат мама» - парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. Домалақ ана ел арасындағы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өз үлесін қосқан.
Достарыңызбен бөлісу: |