Қ. Рысқұлбеков көшесі
Қ. Рысқұлбеков көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 671,7 м.
Қайрат Рысқұлбеков (1965-1987) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. 1986 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласындағы Орталық Комитет пленумының шешіміне наразылық білдірген студент жастар көтерілісіне белсене қатысқан. Көтеріліс басылған соң абақтыға қамалады. Семей түрмесінде қайтыс болған. Қайрат есімі халық есінде азаттық жолындағы күрескер, қаһарман ұл ретінде қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |