Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет102/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   209
Қарашаш ана көшесі
Бұрынғы атауы – №122 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қарашаш ана көшесі ақын Сара көшесінен басталып, Ұмай ана, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек, Айман-Шолпан, Мәриям Жагорқызы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 898,5 м.
Қарашаш ана – Қожа Ахмет Иассауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі Мұса Шейх Ибраһим ата (Ибраһим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Ең көрнекті де тарихи дерек ХІІ-ХІV ғасырларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі. Иассауидің шешесінен жастай айрылғанына қарағанда Қарашаш ана шамамен 1099-1100 жылдары қайтыс болған.

Қарқабат көшесі
Бұрынғы атауы – №57 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарқабат көшесі Балбырауын көшесінен басталып, Қызыларай көшесінде аяқталады. Балқантау, Жанкент көшелерімен және Нұрлы, Ақберен орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 654,9 м.
Қарқабат – аты аңызға айналған ел анасы. «Қарқабат» атты батырлық дастан бар. Авторы – халық ақыны Белгібай Бектұрғанов.
Қарлығаш көшесі
Бұрынғы атауы – Л.Андреев көшесі. Қарлығаш көшесі Ы.Алтынсарин көшесінен басталатын көше. Ұзындығы – 239,5 м.
Қарлығаш – құс.


Қарталы көшесі
Қарталы көшесі Шыңтас орамы, Қарасай батыр, Конституция, М.Дулатов, Тайсойған, Оқжетпес көшелерімен қиылысып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3247,9 м.
Қарталы – басы оңтүстiк Оралдың шығыс етегiнен басталып, Қазақстандағы Әйет өзенiне құяды.
Қашаған көшесі
Бұрынғы атауы – Машинистер қысқа көшесі. Қашаған көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Шыршық, Қараой орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 395,6 м.
Қашаған – ақын, 1841 жылы Түркіменстанның Ташауыз облысы, Мырзабасы ауылында дүниеге келіп, 1929 жылы Маңғыстау облысы, Қырықкез ауылында қайтыс болады. 16-17 жасынан ақын атанған. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақынның «Қырымның қырық батыры» жырлары мен халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайтын «Атамекен», «Адай тегі», «Әзіреті Ғали», «Топан», т.б. дастандары ел арасына кең тараған.


Қима көшесі
Бұрынғы атауы – №18 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қима көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Ақмола көшесінде аяқталады. Арқалық көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 321,3 м.
Қима – Ақмола облысының Жақсы ауданындағы ауыл, Жаңақима ауылдық әкімшілік округінің орталығы.
Қобыз көшесі
Бұрынғы атауы – №116 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қобыз көшесі М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 1083,6 м.
Қобыз – көптеген түркі халықтарында кездесетін қос ішекті музыкалық аспап. Аспап жыңғыл, үйеңкі сияқты мықты ағаштан ойып жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет